Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области № 89 от 8 апреля 2019 года «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Айыртауского района Северо-Казахстанской области»

Қаулы · № 207 · қабылданған 02.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/no-89-8-2019-ekb-182521/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области № 89 от 8 апреля 2019 года «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Айыртауского района Северо-Казахстанской области» Қолданыста Қаулы ·№ 207 ·02.06.2023
02.06.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области № 89 от 8 апреля 2019 года «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Айыртауского района Северо-Казахстанской области»

Қолданыста Қаулы ·№ 207 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области № 89 от 8 апреля 2019 года «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Айыртауского района Северо-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 89 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
207
Қабылданған күні
02.06.2023
Көрсетілген редакция
02.06.2023 182521_635779.kaz
Соңғы өзгеріс
02.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23SC752215
ЭКБ идентификаторы
182521
Редакция идентификаторы
182521_635779
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:35

0

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 89 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 89 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Айыртау ауданының әкімі
Е. Бекшенов
«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданының мәслихаты

1 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Айыртау ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 2 маусымдағы
№ 207 қаулысына қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «8» сәуір
№ 89 каулысына 1 қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) аудандық және қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

2 2) аудандық маңызы бар жұмыспен қамту орталығы секторының басшысы;

3 3) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

4 4) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

5 5) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

6 6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

7 7) халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті;

8 8) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар.

2 2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;

2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысының орынбасары;

3 3) аудандықмаңызыбармемлекеттік мекемесі мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорны кітапхананыңмеңгерушісі (басшысы);

4 4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнысекторының, бөлімінің басшысы;

5 5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорныныңкөркемдік жетекшісі;

6 6) музыкалық жетекші - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

7 7) аккомпаниатор - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

8 8) библиограф - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

9 9) дыбыс жазу операторы;

10 10) мәдени ұйымдастырушы(негізгі қызметтердің) - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

11 11) барлық атаудағы әдіскер (негізгі қызметтердің) - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

12 12) кітапханашы - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

13 13) хореограф - біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар;

14 14) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтердің) - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

15 15) редактор (негізгі қызметтердің) - біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар.

Қолданыстағы