О внесении изменений и дополнений в решение Акима Алматинской области № 9-274 от 14 сентября 1998 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Акима Алматинской области № 9-274 от 14 сентября 1998 года
- Атауы (қаз.)
- Алматы облысы Әкімінің 1998 ж. қыркүйектің 14-гі № 9-274 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5-139
- Қабылданған күні
- 14.05.2000
- Көрсетілген редакция
- 14.05.2000 7035_280916.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.05.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00D000174_
- ЭКБ идентификаторы
- 7035
- Редакция идентификаторы
- 7035_280916
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:29
0 Алматы облысы Әкімінің 1998 ж. қыркүйектің 14-гі № 9-274 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.07.2004 № 7-82 шешімімен.
Жолаушы көлігі саласындағы нарықтық қатынастарды жетілдіру мақсатында Алматы облысының Әкімі шешім қабылдады:
1. Алматы облысы Әкімінің 1998 ж. қыркүйектің 14-гі "Қалааралық және халықаралық жолаушы автокөліктерінде қызмет көрсетуге ашық тендер өткізу туралы" № 9-274 шешімінің № 1 қосымшасына өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Осы шешімді әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткізу қажет.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облысы Әкімінің орынбасары К.Ә. Әбіләкімовке жүктелсін.
4 Алматы облысы Әкімінің
2000 ж. 15 мамырдағы № 5-139
шешіміне қосымша
Қалааралық және халықаралық маршруттарда жолаушы
автокөлігімен қызмет көрсетуге ашық тендер
жөніндегі Ережеге енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар
1. 1.2. тармақтағы:
"атынан" сөзінің алдына "аппараты" сөзі қойылсын;
"Департаменті" сөзінен кейін "АО-ы МКК-ны" сөзтіркесі енгізілсін;
"Көлік Департаменті" сөзтіркесінің алдындағы "облыстың" деген сөз алынып тасталсын.
2. 1.5. тармақтағы:
"облысаралық" сөзі "қалааралық" сөзімен алмастырылсын.
3. 2.2. тармақтағы:
бірінші абзацтағы "заңды тұлғалар" сөзтіркесінің алдына "меншік түріне қарамастан, автокөлік құралдарына ие" сөзтіркесі енгізілсін;
екінші абзацтағы; "қаржы құралымдары" сөз тіркесінен кейін мәтін "сондай-ақ орталық диспетчерлік басқару функцияларын орындайтын және тасымалдаушылардың, жолаушылар мен жүк тасымалдау Ережелерін сақтауына бақылауды жүзеге асыратын автовокзалдар" - мәтінімен толықтырылсын.
4. 2.3. тармақтағы бірінші абзац:
"мөлшерінде" сөзінің алдына "тендерлік комиссияның Төрағасы", "Көлік департаменті" АО-ы МКК-ы ұсынған шығындар калькуляциясы негізінде бекіткен сомасы" мәтіні енгізілсін;
"теңге" сөзі алынып тасталсын;
екінші абзац:
тармақшалар төмендегі редакцияда баяндалсын:
а) тендерге шығарылатын маршруттардың негізгі сипаттамасы;
б) осы үлгі ереже (қосымшаларымен бірге толық комплектісінде);
в) маршрутта (тарда) жолаушы көлігімен қызмет көрсетудің үлгі келісім-шарты;
г) тапсырыс берушіге тендерлік ұсыныстарды жіберу үшін бір үлкен және екі шағын конверт.
5. 2.4. тармағы "дана" сөзінің алдына "(тендерлік комиссия мүшелерінің санына тең)" сөзтіркесі қойылып, ары қарай мәтін бойынша оқылсын.
6. 2.7. тармаққа төмендегі мазмұнда екінші абзац енгізілсін:
"Тендерлік құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, тіркеу біткен күні "Тапсырыс беруші", тендерге қатысушылардың тізімін жасап, оны өндірістік-техникалық базаның, жүріс составының бар екендігін және тендерге қатысты басқа мәселелердің сәйкестігін, жергілікті жерге барып комиссиялық тексеру үшін тендерлік комиссияның төрағасына тапсырады. Тексеру қорытындысы бойынша анықтама дайындалып, тендерлік комиссияға беріледі".
7. 2.8. тармағында "Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі Алматы облысы бойынша комитетінің", "салық инспекциясының" және "МАИБ-ң" деген сөзтіркестері тиісінше "Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау Агенттігі Департаментінің", "салық комитетінің" және ОІІБ жол полициясы басқармасының" сөз тіркесімен алмастырылсын;
8. 2.10. тармағындағы: "... тасымалдау қызметі" - сөзтіркесінен кейін "Тендерлік комиссия (тендерге қатысушының шын мәніндегі жағдайын тексеру барысында жасалған анықтама бойынша) қатысушыны тендерге жіберу туралы шешім қабылдау құқығын сақтап қалады", - деп оқылсын;
9. 3.1. тармағындағы "қосымшаларда" деген сөздің алдына "2 және 3" деген сандар енгізілсін;
10. 3.2. тармақтағы:
- а) тармақшасы "а) Ұсынылатын жүріс составы; маршрутта (тарда) жұмыс істеу үшін" деп толықтырылып, ары қарай мәтін бойынша оқылсын;
- б) тармақшасындағы "ЖҚ" класының" сөзтіркесі алынып тасталсын;
- "диспетчерлік" сөзінен кейін "бақылау-техникалық пункт" сөзтіркесі енгізілсін;
ж) тармақшасы төмендегідей редакцияда баяндалсын;
ж "ж) Кадр:
- жүргізушілер персоналының болуы және оның жолаушы тасымалына, соның ішінде қалааралық және халықаралық тасымалға байланысты біліктілік деңгейі, жұмыс тәжірибесі;
- әкімшілік-басқару персоналы мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің біліктілік деңгейі, жұмыс тәжірибесі;"
з) тармақшасы төмендегі редакцияда баяндалсын:
з "з) Соңғы екі жылда Сіздің компанияңыз көрсеткен көлік қызметін (қалааралық және халықаралық маршруттарға қызмет көрсету) сипаттаңыз";
л) тармақшасындағы:
"...жүріс составының" сөзтіркесінің алдында "жуық арадағы үш жылда жаңартудың пайыздық ара-қатынасын көрсете отырып..." сөзтіркесі енгізілсін";
м) тармақшасы төмендегі редакцияда баяндалсын:
м "м) Жолаушы тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұсынылып отырған шаралар жүйесі".
11. 3.3. тармақшасындағы:
"қосымша" сөзінің алдына "2" саны енгізілсін.
12. 4.16. тармақшасындағы:
- "Департамент бастығы" сөзтіркесінің орнына "Көлік департаменті" АО МКК-ң бас директоры" деп оқылсын;
- "Көлік департаменті" сөзтіркесінің алдындағы "облыстың" сөзі алынып тасталсын;
- "атынан" сөзінің алдына "аппараты" сөзі енгізілсін.
- "Қосымшада" сөзінің алдына "5" саны енгізілсін.
13. № 1 қосымшадағы:
- "Ашық тендер жариялау" тақырыбы "Үлгі хабарландыру" деп өзгертілсін;
- 1 тармақ төмендегідей редакцияда баяндалсын:
"Көлік департаменті" АО МКК-ны Алматы облысы Әкімі аппаратының уәкілетті органы бола отырып, 2000 ж. ______"____" қалааралық (халықаралық) маршруттарда жолаушы көлігімен қызмет көрсетуге ашық тендер жариялайды";
- 4 тармақ төмендегі редакцияда баяндалсын:
"Тендерлік құжаттар пакетін маршруттың (тардың) негізгі сипаттамаларын, тендер өткізудің шарттары мен тәртібіне байланысты қажетті анықтамаларды Алматы қаласы, 2-ші Ключевая көшесі, 6"А" мекен-жайындағы "Көлік департаменті" АО МКК-н алуға болады.
- 5 тармақтағы:
"нақты мерзімі" сөзтіркесімен алмастырылып, соңғы абзацтағы "анықтама үшін телефон" сөз тіркесі алынып тасталсын.
14. "2" және "3" санды қосымшалар алынып тасталсын, "4", "5", "6", "7" санды қосымшалар тиісінше "2", "3", "4", "5" деп саналсын.
15. № 2 қосымша төмендегі редакцияда баяндалсын:
"Тендерлік ұсыныстар нысаны"
1. Маршрутта (тарда) жұмыс істеу үшін ұсынылатын жүріс составы
№ р/с
Көлік құралының маркасы
Шасси дайындайтын завод
Шығарылған жылы
Сыйымдылығы Отырғышт.бойынша
Көлік бірліктерінің жүріп өткен жолы
Жүк қоятын бөлікт.көлемі,жүк көтергіштігі (тонна есебімен)
1.
2.
3.
4.
2. Жүріс составын, медициналық пунктін, диспетчерлікті, бақылау-техникалық пунктін сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге қажет өндірістік-техникалық базаның болуы ________________________
_______________________________________________________________________________________
3. Әкімшілік-басқару персоналына арналған үй-жайдың болуы_________
__________________________________________________________________________
4. Линиядан шыққан жүріс бірліктерін ауыстыру жөніндегі шаралар (пайдаланылып немесе ұсынылып отырған) және оларды ауыстыруға кететін уақыт шығынының жүйесі _____________________________________________________________________________
5. Жүріс составын жууды, жинауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жүйесі:
а) салонның ішін;
б) сыртын
6. Кадр
6.1) Жүргізушілер персоналының болуы, оның біліктік деңгейі және жолаушы тасымалдау жөніндегі жұмыс тәжірибесі.
№
р/с
Аты-жөні
Жүргізушілердің жұмыс өтілі
Соңғы рет медициналық тексеруден өткен күні,айы,жылы
Жалпы
қалааралық, халықаралық марштруттарда
6.2) Әкімшілік-басқару персоналының және инженерлік-техникалық қызметкерлердің біліктік деңгейі, жұмыс тәжірибесі
№ р/с
Құрылымдық бөлімше басшысының лауазымы
Білімі, мамандығы
Жалпы өтілі
Жолаушы автомобилі көлігіндегі жұмыс өтілі
7. Соңғы екі жылда Сіздің компанияңыз көрсеткен көлік қызметін (қалааралық және халықаралық маршруттарда қызмет көрсету)
сипаттаңыз________________________________________________________________________________
Көрсетілетін қызмет түрі
Қызмет көрсетіле бастаған күн, ай, жыл
Қызмет көрсету аяқталған күн, ай, жыл
Жүріс составының саны
Тасымалдау көлемі, мың теңге есебімен
8. Көлік компаниясына қатысушының соңғы қаржы жылындағы айналымы___________________________________________________________________________
__________________________________________________________________
9. Тендерге ұсынылған маршруттардың құрылымы және олармен жол жүру тарифтерінің деңгейі _________________________________________________________________
__________________________________________________________________
10. Соңғы үш жылдағы жаңартудың проценттік арақатынасын көрсете
отырып, жүріс составтары паркін жаңалауды қамтамасыз етуге бағытталған
жоспарының болуы _________________________________________________________________
__________________________________________________________________
11. Жолаушылар тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұсынып
отырған шаралар жүйесі
____________________________________________________________________________________
12. Тендерге қатысушы ұсынып отырған қосымша тендерлік ұсыныстар
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Толықтырылған күн ______,_______, жыл ________
Ескерту: тендерлік ұсыныстардың әрбір тармағы жеке-жеке бетке толтырылады.
16. № 4 Қосымша төмендегі редакцияда баяндалсын:
"Тендерлік ұсыныстарды бағалау нысанының үлгісі"
Тендерлік ұсыныстар позицияларының баллмен алғандағы бағасы
Меншік иегерінің р/с
Жүріс составы
Өндіріст.техн.база
ӘБП үй жайы
Линиядан шығып қалған көлік бірліктер,ауыстыру жүйесі
Көлік құралд. жууды жинауды ұйымдастыру
Қалаарал. және Халықара маршр-ға соңғы екі жылда көрсетілетін қызм.Түрлері
жүргізушінікі
ӘБП
кестенің жалғасы
Соңғы қаржы жылындағы айналым
Тарифтер деңгейі мен құрылымы
Жүріс составтары паркін жаңарту
ЖҚ класының ЖҚ инж-ң ЖҚ автом.ЖҚ шараларының болуы
Қосымша ұсыныстар
Барлығы
Тендерлік комиссия мүшесінің бағалауына сәйкес
Аты - жөні
__________________________________________________________________________
Балалардың ең көп санын _____________________________________________
нөмірлі көлік компаниясы алды.
Қолтаңбасы__________________
17. № 5 қосымша
- "Маршруттарды пайдалану құқығына арналған келісім-шарт үлгісі" тақырыбы "Жолаушы көлігінің маршрутта (тарда) қызмет көрсетуіне арналған келісім-шарт үлгісі" болып өзгертілсін.
Бірінші абзацтағы "Кейін "Тапсырыс беруші" деп аталатын, осы Ереженің негізінде жұмыс істейтін, бастығы Ә.Қ. Құрманғалиев болып табылатын Алматы облысының "Көлік департаменті" деген сөзтіркесі "Кейін "Тапсырыс беруші" деп аталатын, "бас директоры Ә.Қ.Құрманғалиев" болып табылатын, Жарлығының негізінде жұмыс істейтін "Көлік департаменті" АО МКК-ы" деп өзгертілсін.
- 1.1. тармақшадағы
"Алматы облысының көлік туралы" Ережесіне" - деген сөзтіркесінен кейін "төмендегі маршруттарға 2000 ж. _____________"_____" өткен тендерлік комиссияның № хаттамасына сәйкес" деген сөзтіркесі енгізілсін:
№ р/с
Маршрут номері
Маршруттың аталуы
Автобустар саны
Рейстердің саны
Кіріс көлемі,мың теңге есебімен
- 2.1.2. тармақшасындағы "...мәтінде қосымша беріледі..." сөзтіркесі "және ажырамас бөлігі болып табылады" сөзтіркесімен толықтырылып, ары қарай мәтін бойынша оқылсын;
- 2.1.3. тармақша төмендегідей редакцияда баяндалсын: "Тендерге жеңіп алған маршруттарға қызмет көрсетілген жағдайда, көрсетілген қызметтің ақысын Мердігер төлейді және оның мөлшерін келісім-шарттың мерзіміне қарай, автомобиль көлігі жөніндегі кеңестің хаттамалық шешімі анықтайды. Осы шартқа қол қойылған айдың, 25-нен кешіктірілмей, хаттамалық шешімде көрсетілген сома төленеді".
- 2.1.4. тармақшадағы:
Жалпы сыйымдылыққа және тиеу нормаларына қарағанда кем дегенде ______ орын сиятын және ... сай келетін, ары кеткенде ______ жылы шыққан" дейін келіп, ары қарай мәтін бойынша оқылсын;
- 2.1.10. тармақшадағы "құрамы" сөзімен кейін "автобустардың тізімдегі санының 10 (он) пайызы" деген сөз тіркесі енгізілсін;
- 2.1.11. және 2.11.12. тармақшалар төмендегі редакцияда баяндалсын:
2.1.11 "2.1.11. Нормативтік актілерге сәйкес жүріс составтарының дер кезінде техникалық тексеруден және жүргізушілердің медициналық тексеруден өтуі қамтамасыз етілсін;
2.1.12. Рейс алдындағы медициналық тексеруден өткен, жүргізуші куәлігі, жүргізетін автомобильдің техталоны, маршрутта жұмыс істеу құқығына растайтын куәлік (түпнұсқа), рейс алдында техникалық және медициналық тексеруден өткендігі туралы белгі соғылған маршрут (жол) парағы, ал халықаралық бағытта жолаушы және жүк тасымалы жүзеге асырылған жағдайда, осы тасымалды орындауға берілген лицензиясы бар жүргізушілерге маршруттарда жұмыс істейтін автомобильдерді жүргізуге рұқсат берілсін".
- 2.1.13. тармақшадағы "Тапсырыс берушімен" сөзтіркесінің орнына "заңдармен" сөзі енгізілсін.
- мазмұны төмендегідей 2.1.14-2.1.17. тармақшалармен толықтырылсын:
2.1.14 "2.1.14. Маршруттар тағы басқа тасымалдаушыларға жалға берілмесін, және Тапсырыс берушінің келісімінсіз басқа маршруттарға ауыстырылмасын.
2.1.15. Тоқсан сайын, тоқсанның соңғы айының ары кешкенде 10-на дейін № 1 нысан бойынша есеп және кәсіпорынның балансы тапсырылсын, тасымалдау көлемі бойынша берілген тапсырмалардың орындалуы қамтамасыз етілсін.
2.1.16. Жолаушы тасымалы, жолаушылар мен жүкке билет сату, маршруттардың бастапқы, аралықтағы және соңғы пункттерде орналасқан автовокзалдар мен автостанциялар арқылы жүзеге асырылсын.
2.1.17. Жекеменшік автомобильдері барлар, оларда облыстың салық органдарынан алған патенті болған жағдайда, еңбек келісімі немесе шарт (еңбек контракты) бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға қатыстырылсын. Тапсырыс берушіге еңбек келісімі мен "патенттің көшірмелері тапсырылсын".
- 2.2. тармақ төмендегі мазмұндағы 2.2.4., 2.2.5. тармақшаларымен толықтырылсын:
2.2.4 "2.2.4. Жол бойы қондырғыларының, аялдама пункттерінің, жүріс маршруттарының т.т. қалыпты жағдайы қамтамасыз етілсін.
2.2.5. Мердігер, маршруттар сызбасымен, жүріс кестесімен, қажетті нұсқамалық және әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілсін".
3.1.1. тармақшадағы "...жолаушылар тасымалының жүріс қауіпсіздігі" деген сөздердің алдына "тапсырыс берушіні алдын-ала хабардар ете отырып" деген сөзтіркесі енгізілсін.
3.2. тармағындағы
3.2.1. тармақша төмендегі редакцияда баяндалсын:
"Мердігерден, барлық шарттардың осы келісімге және жолаушы тасымалдау ұйымдарына қойылатын талаптарға ғана сәйкес орындалуы қатаң талап етілсін. Орындалмаған жағдайда Тапсырыс беруші бір жақты шешіммен келісім-шартты бұзу құқығын пайдалана алады";
3.2.4. Тармақша алынып тасталсын.
4.1. Тармақтағы
4.1.1. тармақша төмендегі редакцияда баяндалсын: "Келісім-шарттың (келісімге сәйкес тасымалдаудың берілген көлемі орындамауы, куәліктің жоқ болуы, жүріс сызбасының, кестесінің, жұмыс режимінің өзгертілуі, рейске шықпай қалу, бекітілген бір немесе бірнеше маршруттар бойынша жолаушы тасымалының ұйымдастырылмауына байланысты жолаушылардан негізделген шағымның түсуі, келіспеушіліктер т.т.) бұрмаланғаны үшін Тапсырыс беруші бір жақты шешіммен осы келісім-шартты бұзуға дейін барады".
4.2.1. тармақшасы алынып тасталсын.
5. Тармақ төмендегі редакцияда баяндалсын:
5. Кіріс көлемі және Тапсырыс берушіге аударылатын қаржы мөлшері
Маршруттар
ҚҚС-н қосқандағы жолаушы тасымалынан түскен кіріс көлемі (мың теңге есебімен)
ҚҚС-н қосқандағы кіріс көлемінен аударылатын қаржының пайызбен алғандағы мөлшері,мың теңге есебімен 2000 ж.____ «__»№___хаттама.)
жылы
айы
жылы
айы
6.2. тармақ төмендегі редакцияда баяндалсын:
"Келісім бұзылған жағдайда, Мердігер Тапсырыс берушіге, тендер өткеннен кейінгі он күн мерзімде маршрутты (жолаушы тасымалымен айналысу құқығын беретін куәлік) тапсырады. Маршрутты тапсыру кезінде Мердігер осы келісімнің талаптары мен шарттарын орындайды. Келісімнің мерзімін екі жақ жыл сайын ұзартып отырады".