Қолданыстағы ред. 24.04.2007

Облыс әкімиятының № 983 тіркелген 2002 жылғы 28 қарашадағы "Облыста жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы № 106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы от 30.01.2004 г. № 5 (Облыс әкімиятының № 983 тіркелген 2002 жылғы 28 қарашадағы "Облыста жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы № 106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы)

0

Облыс әкімиятының N 983 тіркелген 2002 жылғы 28 қарашадағы "Облыста жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы N 106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Облыс әкімиятының 2002 жылғы 28 қарашадағы "Облыста жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы»N 106 (әділет департаментінде 2003 жылғы 10 маусымда N 983 тіркелген, "Ақ жол" және "Знамя труда" газеттерінде 2003 жылғы 3 шілдеде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1

1 тармақ мына редакцияда мазмұндалсын:
"Облыс Әкімі жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы ереже бекітілсін (қоса беріледі).";
аталған қаулымен бекітілген "Облыс Әкімі жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесінің құрамы" күші жойылды деп танылсын.

2

2. Облыс Әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі кеңестің жаңа құрамын әзірлеп, облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының бекітуіне ұсынсын.

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары К.М. Демешке жүктелсін.