Облыс әкімиятының № 983 тіркелген 2002 жылғы 28 қарашадағы "Облыста жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы № 106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімиятының N 983 тіркелген 2002 жылғы 28 қарашадағы "Облыста жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы N 106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімиятының 2002 жылғы 28 қарашадағы "Облыста жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы»N 106 (әділет департаментінде 2003 жылғы 10 маусымда N 983 тіркелген, "Ақ жол" және "Знамя труда" газеттерінде 2003 жылғы 3 шілдеде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақ 1
1 тармақ мына редакцияда мазмұндалсын: "Облыс Әкімі жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы ереже бекітілсін (қоса беріледі)."; аталған қаулымен бекітілген "Облыс Әкімі жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесінің құрамы" күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Облыс Әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі кеңестің жаңа құрамын әзірлеп, облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының бекітуіне ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары К.М. Демешке жүктелсін.