Орда ауылдық округінің «Қарасу» ауылына және оған қарасты «Курорт», «№5», «№41», Қартқожақ» елді мекендер аумағына ірі қара малының бруцеллез ауруынан шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Орда аулдық округінің «Қарасу» ауылына және оған қарасты елді мекендер аумағына ірі қара малының бруцеллез ауруынан эпизоотиялық ахуалдын күрделенуінен, адамдардың бруцеллез ауруына шалдығуы орын алуына байланысты Бокей ордасы аудандық аумақтық инспекциясының 22.12.2006 жылғы № 301 ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңы және Қазақстан Республикасының 2002жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ «Ветеринария туралы» заңдарын басшылыққа алып, бруцеллез ауруына қарсы эпизоотиялық шаралардын орындалуын қамтамасыз ету және адамдарды бруцеллез ауруынан сақтандыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Орда ауылдық округінің «Қарасу» ауылына және оған қарасты «Курорт», «№5», «№41», Қартқожақ» елді мекендер аумағына ірі қара малының бруцеллез ауруынан шектеу іс-шараларын белгілеу туралы от 05.01.2007 г. № 2 (Орда ауылдық округінің «Қарасу» ауылына және оған қарасты «Курорт», «№5», «№41», Қартқожақ» елді мекендер аумағына ірі қара малының бруцеллез ауруынан шектеу іс-шараларын белгілеу туралы)
1. Орда ауыл округінің «Қарасу» ауылына және оған қарасты «Курорт, № 5, №41, Қартқожақ» елді мекендер аумағына ірі қара малдын бруцеллез ауруынан шектеу қойылсын.
2. Орда ауыл округінің «Қарасу» ауылына және оған қарасты «Курорт, №5, №41, Қартқожақ» елді мекендер аумағына 2007 жылы бруцеллез ауруынан сауықтыру жөніндегі шаралар жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Орда округ әкіміне (Р.Зулкашев), аудандық аумақтық инспекция бастығына (Л.Уалиев) бірлесе отырып жоспарда көрсетілген шаруашылық-ұйымдастыру,санитарлық және арнайы ветеринариялық дәрігерлік шараларын уақытылы және толық орындалуын қамтамасыз ету тапсырылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауға алу аудан әкімінің орынбасары Е.Таңатовқа тапсырылсын.
Келісілді:
ҚР АШМ Бөкейордасы аудандық
Аумақтық инспекциясының бастығы Л.Ж. Уалиев
Келісілді:
Бөкейордасы аудандық санитарлық
Эпидемиологиялық қадағалау
Басқармасының бастығы: А.Т. Батыров