О решениях акима области №6 от 14 января и №75 от 23 апреля 1999 года "Вопросы учреждения-администраторов программ, финансируемых из местного бюджета"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О решениях акима области №6 от 14 января и №75 от 23 апреля 1999 года "Вопросы учреждения-администраторов программ, финансируемых из местного бюджета"
- Атауы (қаз.)
- Облыс әкімінің «Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын бағдарламалардың әкімші-мекемелер мәселелері» туралы 1999 жылғы 14 қаңтардағы №6 және 23 сәуірдегі №75 шешімдері туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 24-3
- Қабылданған күні
- 27.04.1999
- Көрсетілген редакция
- 27.04.1999 5014_253728.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.04.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99Z0000161
- ЭКБ идентификаторы
- 5014
- Редакция идентификаторы
- 5014_253728
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:12
0 Облыс әкімінің «Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын бағдарламалардың әкімші-мекемелер мәселелері» туралы 1999 жылғы 14 қаңтардағы №6 және 23 сәуірдегі №75 шешімдері туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 02.07.2004 № 9-4 шешімімен.
Облыс әкімінің ҚР Үкіметінің "1999 жылға арналған мемлекеттік бюджетті әзірлеу үшін ҚР білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларын бекіту" туралы 1998 жылғы 4 тамыздағы №737 қаулысын және "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын бағдарламалардың әкімші-мекемелер мәселелері" туралы 1998 жылғы 25 желтоқсандағы №1335 қаулысын орындау мақсатында, сондай-ақ ҚР денсаулық сақтау және спорт министрлігінің 1999 жылғы 15 наурыздағы №04-646 өтінішіне байланысты қабылданған 1999 жылғы 14 қаңтардағы №6 және 23 сәуірдегі №75 шешімдерін қарап, облыстық мәслихат шешім етті:
1. "Жергілікті бюджетпен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелер мәселелері" туралы облыс әкімінің шешіміне №2 қосымшасындағы 16 бөлімге жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын республикалық және жергілікті бағдарламаларды орындайтын мекемелер тізіміне мынадай қосымшалар енгізілді:
- облыстық онкологиялық диспансер;
- облыстық наркологиялық диспансер;
- мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекеме;
- Батыс Қазақстан облыстық "Арнаулы жабдықтау базасы".
2. Облыс әкімінің "Денсаулық сақтау жүйесінде мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар" туралы 1999 жылғы 16 ақпандағы №27 шешімінің №1 қосымшасындағы денсаулық сақтау жүйесінде мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар болып қайта құрылған мемлекеттік мекемелер тізімінен мыналар алынып тасталсын:
- облыстық онкологиялық диспансер;
- облыстық наркологиялық диспансер;
- мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекеме.