Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Сарыозек (правый берег) и ручьев без названия №№ 1-3 (правый и левый берег) в створе земельного участка в районе села Алмасай Уланского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қаулы · № 158 · қабылданған 21.05.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/nono-1-3-ekb-143479/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Сарыозек (правый берег) и ручьев без названия №№ 1-3 (правый и левый берег) в створе земельного участка в районе села Алмасай Уланского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования Қолданыста Қаулы ·№ 158 ·21.05.2020
21.05.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Сарыозек (правый берег) и ручьев без названия №№ 1-3 (правый и левый берег) в створе земельного участка в районе села Алмасай Уланского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қолданыста Қаулы ·№ 158 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Сарыозек (правый берег) и ручьев без названия №№ 1-3 (правый и левый берег) в створе земельного участка в районе села Алмасай Уланского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Алмасай ауылы аумағындағы жер учаскесі тұстамасындағы Сарыөзек өзенінің (оң жағалау) және атауы жоқ №№ 1-3 бұлақтарының (оң және сол жағалау) су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
158
Қабылданған күні
21.05.2020
Көрсетілген редакция
21.05.2020 143479_464461.kaz
Соңғы өзгеріс
21.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20V0007138
ЭКБ идентификаторы
143479
Редакция идентификаторы
143479_464461
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:25

0 Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Алмасай ауылы аумағындағы жер учаскесі тұстамасындағы Сарыөзек өзенінің

(оң жағалау) және атауы жоқ №№ 1-3 бұлақтарының (оң және сол жағалау) су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1 1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Алмасай ауылы аумағындағы жер учаскесі тұстамасындағы Сарыөзек өзенінің (оң жағалау) және атауы жоқ №№ 1-3 бұлақтарының

(оң және сол жағалау) су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;

2

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Алмасай ауылы аумағындағы жер учаскесі тұстамасындағы Сарыөзек өзенінің (оң жағалау) және атауы жоқ №№ 1-3 бұлақтарының (оң және сол жағалау) су қорғау аймақтары аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленсін.

2

2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Ұлан ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

3 3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясының басшысының міндетін атқарушы
______________ Е. Камбаров
2020 жылғы «___»_______________

1 Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Алмасай ауылы аумағындағы жер учаскесі тұстамасындағы Сарыөзек өзенінің (оң жағалау) және атауы жоқ №№ 1-3 бұлақтарының (оң және сол жағалау) су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2020 жылғы 21 мамыры
№ 158 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Алмасай ауылы аумағындағы жер учаскесі тұстамасындағы Сарыөзек өзенінің (оң жағалау) және атауы жоқ №№ 1-3 бұлақтарының (оң және сол жағалау) су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Су объектісі,
оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
Қарастырылып отырған тұстамадағы Сарыөзек өзені
8,5
745,2682
500
9,4
19,7
35
Қарастырылып отырған тұстамадағы № 1 бұлақ
8,9
32,2
35
Қарастырылып отырған тұстамадағы № 2 бұлақ
3,3
10,9
35
Қарастырылып отырған тұстамадағы № 3 бұлақ
8,6
33,2
35
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.

Қолданыстағы