Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы ручья Кимастинские ключи в створе земельных участков №№ 507, 508, 544, расположенных в 27 жилом районе города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области, и режима их хозяйственного использования

Қаулы · № 385 · қабылданған 06.11.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/nono-507-508-544-27-ekb-136395/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы ручья Кимастинские ключи в створе земельных участков №№ 507, 508, 544, расположенных в 27 жилом районе города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области, и режима их хозяйственного использования Күшін жойған Қаулы ·№ 385 ·06.11.2019
04.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы ручья Кимастинские ключи в створе земельных участков №№ 507, 508, 544, расположенных в 27 жилом районе города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области, и режима их хозяйственного использования

Күшін жойған Қаулы ·№ 385 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы ручья Кимастинские ключи в створе земельных участков №№ 507, 508, 544, расположенных в 27 жилом районе города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области, и режима их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 27 тұрғын ауданында орналасқан №№ 507, 508, 544 жер учаскелерінің тұстамасындағы Кимастин бұлағының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
385
Қабылданған күні
06.11.2019
Көрсетілген редакция
04.06.2020 136395_465193.kaz
Соңғы өзгеріс
04.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19V0006266
ЭКБ идентификаторы
136395
Редакция идентификаторы
136395_465193
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:57

0 Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 27 тұрғын ауданында орналасқан №№ 507, 508, 544 жер учаскелерінің тұстамасындағы Кимастин бұлағының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының
8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1 1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы

Алтай ауданы Александровка ауылының солтүстік-шығысына қарай 4,5 км орналасқан 05-070-053 есеп кварталындағы М. Ырысбеков сұрап отырған
(шөп шабу үшін) жер учаскесіндегі Сухов бұлағының (сол жағалау) су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;

2 2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Александровка ауылының

солтүстік-шығысына қарай 4,5 км орналасқан 05-070-053 есеп кварталындағы
М. Ырысбеков сұрап отырған (шөп шабу үшін) жер учаскесіндегі
Сухов бұлағының (сол жағалау) су қорғау аймағы аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.

2 2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Алтай ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

3 3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясының басшысы
______________ Қ. Баймағамбетов
2019 жылғы «___»_______________

11 Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 27 тұрғын ауданында орналасқан №№ 507, 508, 544 жер учаскелерінің тұстамасындағы Кимастин бұлағының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2019 жылғы «____» __________
№ ________ қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 27 тұрғын ауданында орналасқан №№ 507, 508, 544 жер учаскелерінің тұстамасындағы Кимастин бұлағының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Су объектісі, оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
Жеке тұрғын үй құрылысына арналған №№ 507, 508, 544 жер учаскелерінің тұстамасындағы Қимастин бұлағының оң жағалауы.
0,045
1,1293
500,0
0,049
0,0868
35,0
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.

Қолданыстағы