Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы ручья Кимастинские ключи в створе земельных участков №№ 507, 508, 544, расположенных в 27 жилом районе города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области, и режима их хозяйственного использования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы ручья Кимастинские ключи в створе земельных участков №№ 507, 508, 544, расположенных в 27 жилом районе города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области, и режима их хозяйственного использования
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 27 тұрғын ауданында орналасқан №№ 507, 508, 544 жер учаскелерінің тұстамасындағы Кимастин бұлағының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 181
- Қабылданған күні
- 04.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 04.06.2020 143585_465069.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20V0007151
- ЭКБ идентификаторы
- 143585
- Редакция идентификаторы
- 143585_465069
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:12
0 Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 27 тұрғын ауданында орналасқан №№ 507, 508, 544 жер учаскелерінің тұстамасындағы Кимастин бұлағының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 27 тұрғын ауданында орналасқан №№ 507, 508, 544 жер учаскелерінің тұстамасындағы Кимастин бұлағының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
2
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 27 тұрғын ауданында орналасқан №№ 507, 508, 544 жер учаскелерінің тұстамасындағы Кимастин бұлағының су қорғау аймағы аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленсін.
2
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Өскемен қаласының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3 3. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы
6 қарашадағы № 385 «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 27 тұрғын ауданында орналасқан №№ 507, 508, 544 жер учаскелерінің тұстамасындағы Кимастин бұлағының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6266 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 29 қарашада, 2019 жылғы 23 қарашадағы «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4 4. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
3 3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
6 6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясы басшысының міндетін атқарушы
______________ Е. Камбаров
2020 жылғы «___»_______________
0 Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 27 тұрғын ауданында орналасқан №№ 507, 508, 544 жер учаскелерінің тұстамасындағы Кимастин бұлағының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
2020 жылғы 4 маусымы
№ 181
қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 27 тұрғын ауданында орналасқан №№ 507, 508, 544 жер учаскелерінің тұстамасындағы Кимастин бұлағының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Су объектісі, оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
Жеке тұрғын үй құрылысына арналған №№507, 508, 544, жер учаскелерінің тұстамасындағы Қимастин бұлағының оң жағалауы.
0,045
1,1293
500,0
0,049
0,0868
35,0
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.