О некоторых вопросах товарищества с ограниченной ответственностью «Nur Zholy Customs Service»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах товарищества с ограниченной ответственностью «Nur Zholy Customs Service»
- Атауы (қаз.)
- «Nur Zholy Customs Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1132
- Қабылданған күні
- 30.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2022 177536_617600.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200001132
- ЭКБ идентификаторы
- 177536
- Редакция идентификаторы
- 177536_617600
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:50
0 «Nur Zholy Customs Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысымен бекітілген Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Nur Zholy Customs Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100 (бір жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «EuroTranzit Nur Zholy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұсынысы қабылдансын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
2 2) серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінің тізбесі:
«Жетісу облысы» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрі 307-жолмен толықтырылсын:
«Жетісу облысы
307. «Nur Zholy Customs Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 217-19-жолмен толықтырылсын:
«217-19. «Nur Zholy Customs Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».
3 3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. «Nur Zholy Customs Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».
__________________