Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Восход-Oriel»
Қолданыста
Қаулы
·№ 247
·
11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Восход-Oriel»
- Атауы (қаз.)
- «Восход-Oriel» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 247
- Қабылданған күні
- 25.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 07.10.2025
- Көрсетілген редакция
- 25.09.2025 215224_781637.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25CL00247A
- ЭКБ идентификаторы
- 215224
- Редакция идентификаторы
- 215224_781637
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:01
0 «Восход-Oriel» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 10) тармақшасына, 37-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабы 1-тармағы 1)тармақшасына, 69 бабының 4-тармағына, 71-1 бабының 2-тармағына және ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 442-EL пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензиясына негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Восход-Oriel» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, жалпы көлемі 1332 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2030 жылдың 9 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2 «Хромтау ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.