Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в Указ Пpезидента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 18 июля 1995 года N 2367

Жарлық · № 2405 · қабылданған 07.08.1995
Заңдық күші: Қолданыста · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/p-18-1995-n-2367/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
О внесении дополнения в Указ Пpезидента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 18 июля 1995 года N 2367 Қолданыста Жарлық ·№ 2405 ·07.08.1995
07.08.1995 редакциясы
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.08.1995. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в Указ Пpезидента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 18 июля 1995 года N 2367

Қолданыста Жарлық ·№ 2405 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в Указ Пpезидента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 18 июля 1995 года N 2367
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 шiлдедегi Заң күшi бар N 2367 Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2405
Қабылданған күні
07.08.1995
Көрсетілген редакция
07.08.1995 3931_607973.kaz
Соңғы өзгеріс
07.08.1995
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U9500002405
ЭКБ идентификаторы
3931
Редакция идентификаторы
3931_607973
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:32

0 Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 шiлдедегi Заң күшi бар N 2367 Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы

"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес қаулы етемiн:

1. "Қазақстан Республикасында салық қатынастарын реттейтiн кейбiр заң актілерi мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарының күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 шiлдедегi Заң күшi бар N 2367 Жарлығы мынадай мазмұндағы жаңа 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң, 1995 жылғы 15 қыркүйекке дейiнгiсiн қоса алғанда 1995 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiм iшiнде өздерiнiң бюджетке төленбеген салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдерi туралы жариялаған және оларды 1995 жылғы 15 қыркүйекке дейiн толық көлемiнде бюджетке енгiзген заңды және жеке тұлғалар жөнiнде 1995 жылғы 1 шiлдеге дейiн пайда болған құқықтық қатынастар бойынша салық заңдарын бұзғаны үшiн, сондай-ақ шетел компанияларының басқаруына берiлген ұйымдар жөнiнде оларды сол компанияларға өткiзуге дейiн жол берiлген бұзушылықтар үшiн көзделген санкцияларды (айыппұлдарды және өсiмдердi) жоюға хақысы бар деп белгiленсiн".
3-тармақ 4-тармақ деп саналсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне:

екiншi деңгейдегi банктер мен уақытша басқару режимi (доғару) енгiзiлген ұйымдар жөнiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi алдындағы берешегiн қайта құрылымдау бойынша шешiм қабылдау;
банктердiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
алдындағы берешектерi бойынша есептелген айыппұл проценттерi
мен өсiмнiң мөлшерiн өзгерту құқығы берiлсiн.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Оқығандар:
Омарбекова А.Т.
Нарбаев Е.Ә.

Қолданыстағы