О внесении изменений в постановление Кабинета Министpов Республики Казахстан от 20 октябpя 1992 г. N 888
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Кабинета Министpов Республики Казахстан от 20 октябpя 1992 г. N 888
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 20 қазандағы N 888 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1289
- Қабылданған күні
- 15.11.1994
- Көрсетілген редакция
- 09.01.1996 AI2245_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.01.1996
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P940001289_
- ЭКБ идентификаторы
- 2245
- Редакция идентификаторы
- AI2245_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:37
0 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 20 қазандағы N 888 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы
Ескерту Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996.01.09. N 31 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Халық шаруашылығының барлық салалары үшiн ортақ қызметкерлердiң бiлiктiлiк топтары бойынша сараланған жаңа разрядаралық тарифтiк коэффициенттерi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Халық шаруашылығы қызметкерлерiнiң барлық санаттары үшiн Бiрыңғай тариф кестесi негiзiнде еңбекке ақы төлеудiң жаңа шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 20 қазандағы N 888 қаулысының 1-тармағының үшiншi абзацы /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 40, 604-бап/ қызметкерлердiң бiлiктiлiк топтары бойынша сараланған разрядаралық тарифтiк коэффициенттерге қатысты жерi;
"Бюджеттен қаржыландырылатын кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң еңбекақысы аз қызметкерлерiн қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 15 қыркүйектегi N 888 қаулысы /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993ж., N 38, 442-бап/.
3. Осы қаулы 1994 жылғы 1 желтоқсаннан бастап күшiне енгiзiлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1994 жылға арналған республикалық бюджеттi анықтау кезiнде қосымша қаражат бөлудi көздесiн.
5 Қызметкерлердiң бiлiктi топтары бойынша
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 15 қарашадағы
N 1289 қаулысына
Қосымша
Қызметкерлердiң бiлiктi топтары бойынша
сараланған разрядаралық тарифтiк коэффициенттер
--------------------------------------------------------------------
Разряд | Тарифтiк коэффициент
--------------------------------------------------------------------
1 2,00
2 2,40
3 2,69
4 3,02
5 3,39
6 3,81
7 4,28
8 4,80
9 5,16
10 5,54
11 5,95
12 6,40
13 6,87
14 7,39
15 7,94
16 8,53
17 9,16
18 9,85
19 10,58
20 11,73
21 13,08