Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О меpах по улучшению выплаты пенсий и пособий

Қаулы · № 34 · қабылданған 06.01.1994
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/p-ekb-150/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О меpах по улучшению выплаты пенсий и пособий Күшін жойған 18.09.1996 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О меpах по улучшению выплаты пенсий и пособий

Күшін жойған Қаулы № 34 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О меpах по улучшению выплаты пенсий и пособий
Атауы (қаз.)
Зейнетақы мен жәрдемақы төлеуді жақсарту жөніндегі шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
34
Қабылданған күні
06.01.1994
Көрсетілген редакция
18.09.1996 AI150_0.kaz
Соңғы өзгеріс
18.09.1996
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P940000034_
ЭКБ идентификаторы
150
Редакция идентификаторы
AI150_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:41
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕУДI ЖАҚСАРТУ ЖӨНIНДЕГI ШАРАЛАР ТУРАЛЫ

📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.1996 № 1149 қаулысымен.
Зейнетақы мен жәрдемақының уақтылы төленуiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының шығындарын азайту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Қалалық және ауылдық жерлерде жұмыс iстемейтiн зейнеткерлерге, сондай-ақ жұмыс iстеп жатқан зейнеткерлер мен жәрдемақы алушыларға қалауына қарай зейнетақы мен жәрдемақыларын жеткiзiп берудi Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгiнiң органдары арқылы, Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi кәсiпорындары мен Халықтық банк мекемелерi жүргiзетiн болып белгiленсiн.
📌 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚРМК 25.05.1994
№ 560
қаулысымен.

2. 1996 жылғы 1 маусымнан бастап зейнетақы мен жәрдемақыны жеткiзу мен төлеу бойынша көрсетiлетiн қызметтiң бiрынғай тарифi төленген зейнетақы мен жәрдемақының жалпы сомасының 1,8 процентi, мөлшнрiнде белгiленсiн.

Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң жанындағы Республикалық мемлекеттiк почта байланысы кәсiпорнымен және Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен бiрлесiп зейнетақы мен жәрдемақыны жеткiзу және төлеу бойынша көрсетiлетiн қызмет төлемiнiң мөлшерiн реттеп отыру құқығы берiлсiн.
📌 ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 06.06.1996
№ 714
қаулысымен.

3. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгiмен байланыс орындарының зейнетақы мен жәрдемақыны уақтылы жеткiзiп тұрмағандығы үшiн қаржылық жауапкершiлiгiн көздейтiн шарттық қатынастар орнататын болсын.

4. Байланыс министрлiгi, Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi

Қаржы министрлiгi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен
келiсе отырып бiр ай мерзiмде зейнетақы мен жәрдемақы төлеу
жөнiндегi нұсқаулықты әзiрлеп, бекiтетiн болсын.

5. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi халыққа

зейнетақы мен жәрдемақының уақтылы төленуi мен жеткiзiлуiне қатаң
бақылау орнататын болсын.