Құжат мәтініне өту

О защите сбеpежений населения, помещенных во вклады сбеpегательного банка Республики Казахстан

Қаулы · № 647 · қабылданған 02.08.1992
Заңдық күші: Қолданыста · 26.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/p-p-ekb-82707/on/2026-08-26/
Басып шығарылды 2026-08-26 · adilet.kz
О защите сбеpежений населения, помещенных во вклады сбеpегательного банка Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 647 ·02.08.1992
02.08.1992 редакциясы
26.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.08.1992. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О защите сбеpежений населения, помещенных во вклады сбеpегательного банка Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 647 · 26.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О защите сбеpежений населения, помещенных во вклады сбеpегательного банка Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Жинақ банкiсiнiң салымдарында жатқан халықтың ақшалай қаражатын қорғау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
647
Қабылданған күні
02.08.1992
Көрсетілген редакция
02.08.1992 AI82707_0.kaz
Соңғы өзгеріс
02.08.1992
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P920000647_
ЭКБ идентификаторы
82707
Редакция идентификаторы
AI82707_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:48

0 Қазақстан Республикасы Жинақ банкiсiнiң салымдарында жатқан халықтың ақшалай қаражатын қорғау туралы

Азаматтардың ақшалай қаражаттарын Қазақстан Республикасы Жинақ банкiсiнiң мекемелерiнде сақтауға мүдделiлiгiн арттыру, бөлшек сауда бағасының күрт өсуiне байланысты салымшылардың мүдделерi қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қаулы етедi:

1

1. Халықтың балалар, қорлану, мақсатты автомобиль және тұрғын үй салымдарында, сондай-ақ мерзiмдi салымдардың (бұрынғы КСРО Президентiнiң "Бөлшек сауда бағасының бiр мезетте өсуiне байланысты ақша қаражатының құнсыздануынан халықтың шеккен зиянына өтем жасау туралы" 1991 жылғы 22 наурыздағы № 1708 Жарлығына сәйкес ашылған өтем жасау есепшоттарында жатқан сомалардан басқалары) барлық түрлерiнде жатқан ақшалай қаражаттарының құнсыздануынан шеккен зиянына өтем жасалсын.
Өтем жасау 1993 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша аталған салымдарға 1992 жылғы 1 тамызда есептелген қалдықтарын 50 процент өсiру жолымен жүргiзiлетiн болсын.
Аталған өтем жасау республикалық бюджеттiң қаржысы есебiнен жүргiзiледi және оларды есептеу аяқталғаннан кейiн 1993 жылдың 1 сәуiрiнен бастап халыққа төленедi деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi өтем жасауға арнап есептелген соманы 1993 жылдың 1 тоқсанында Жинақ банкiсiне қайтаратын болсын.

2 2. 1992 жылғы 1 тамыздан бастап халықтың салымдары жөнiндегi проценттiк ставкалар орта есеппен 2 есе арттырылсын.

Қазжинақбанкiсi Қазұлттықмембанктiң келiсуi бойынша сақталу мерзiмдерiне қарай салымдардың түрлерi бойынша проценттiк ставкалардың нақты мөлшерiн анықтасын.

3 3. Қазақстан Республикасының Жинақ банкiсi салымдарды қайта бағалау және проценттер есептеу жөнiндегi жұмыстың уақтылы жүргiзiлуiн қамтамасыз етiп, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға шаралар

қолдансын.

Қолданыстағы