Құжат мәтініне өту

Об уточнении поpядка взимания фиксиpованных (pентных) платежей

Жарлық · № 1560 · қабылданған 11.02.1994
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/p-p-p-ekb-82537/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об уточнении поpядка взимания фиксиpованных (pентных) платежей Күшін жойған Жарлық ·№ 1560 ·11.02.1994
18.06.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об уточнении поpядка взимания фиксиpованных (pентных) платежей

Күшін жойған Жарлық ·№ 1560 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об уточнении поpядка взимания фиксиpованных (pентных) платежей
Атауы (қаз.)
Тiркелген /ренталық/ төлемдердi алу тәртiбiн нақтылау туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1560
Қабылданған күні
11.02.1994
Көрсетілген редакция
18.06.2009 AI82537_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.06.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U940001560_
ЭКБ идентификаторы
82537
Редакция идентификаторы
AI82537_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:41

0 Тiркелген /ренталық/ төлемдердi алу тәртiбiн нақтылау туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негiзiнде және кәсiпорындардың пайдасы мен табысына салынатын салық мәселелерiн реттеу мақсатында қаулы етемiн:

1 1. Былай деп белгiленсiн:

- газ, мұнай, көмiр және басқа да көмiрсутектердiң өндiретiн, өңдейтiн, тасымалдайтын және ұқсататын кәсiпорындар, аталған қызметтi Қазақстан Республикасының Үкiметiмен жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асыратын шетел қатысатын кәсiпорындардан басқалары, өздерiнiң ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан тiркелген /ренталық/ төлемдердiң төлеушiлерi болып табылады;
- тiркелген /ренталық/ төлемдердiң ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi мұнай, газ, көмiр және басқа да көмiрсутектерiн сатудан алынған табыстың процентiне шағып белгiлейдi;
- тiркелген /ренталық/ төлемдер бойынша бюджетке қаржы аудару тоқсандық соманың 1/3 мөлшерiнде әр айдың 20-ында аванспен төленiп, әр тоқсан үшiн нақты орындалу бойынша қайта есептелiп отырады.

2 2. Осы Жарлықтың Заң күшi бар және ол жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi "Тiркелген /ренталық/ төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңын қабылданғанға дейiн қолданылады.

3 3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi "Тiркелген /ренталық/ төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеп, оны жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына енгiзсiн.

4 4. Жарлық жарияланған сәттен бастап күшiне енедi.

Қолданыстағы