Құжат мәтініне өту

О снабжении пpодовольственными пайками pаботников пустынных, высокогоpных и остpовных гидpометеоpологических станций Главного упpавления по гидpометеоpологии пpи Кабинете Министpов Республики Казахстан

Қаулы · № 652 · қабылданған 02.08.1992
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/p-p-p-p-pp-p-pp-p-p/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О снабжении пpодовольственными пайками pаботников пустынных, высокогоpных и остpовных гидpометеоpологических станций Главного упpавления по гидpометеоpологии пpи Кабинете Министpов Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 652 ·02.08.1992
19.11.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снабжении пpодовольственными пайками pаботников пустынных, высокогоpных и остpовных гидpометеоpологических станций Главного упpавления по гидpометеоpологии пpи Кабинете Министpов Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 652 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снабжении пpодовольственными пайками pаботников пустынных, высокогоpных и остpовных гидpометеоpологических станций Главного упpавления по гидpометеоpологии пpи Кабинете Министpов Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi Бас басқарманың құла түздегi, биiк таулардағы және аралдардағы гидрометеорологиялық станциялардың қызметкерлерiн азық-түлiк сыбағасымен жабдықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
652
Қабылданған күні
02.08.1992
Көрсетілген редакция
19.11.2015 AI2994_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.11.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P920000652_
ЭКБ идентификаторы
2994
Редакция идентификаторы
AI2994_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:48

0 Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi Бас басқарманың құла түздегi, биiк таулардағы және аралдардағы гидрометеорологиялық станциялардың қызметкерлерiн азық-түлiк сыбағасымен жабдықтау туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.11.2015 № 926 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi Бас басқарманың құла түздегi, биiк таулардағы және аралдардағы гидрометеорологиялық станциялар мен постылардың қызметкерлерiн азық-түлiк сыбағасымен жабдықтау тәртiбiн белгiлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1 1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi Бас басқармасына климат жағдайы ауыр құла түзде, биiк таулы аудандарда орналасқан гидрометеорологиялық станциялар мен постылардың қызметкерлерiн тегiн тамақпен қамтамасыз етуге рұқсат етiлсiн.

2 2. Географиялық және климат жағдайларына қарай тегiн тамақ берудiң нормалары бойынша гидрометеорологиялық станциялар мен постылар үш санатқа бөлiнсiн.

Құла түздегi сусыз және елсiз аудандар мен теңiз деңгейiнен 2000 метр биiктiктегi биiк таулы аудандарда орналасқан гидрометеорологиялық станциялар мен постылар бiрiншi санатқа жатқызылсын.
Iрi елдi мекендерден (20 километрден аса) шалғай жатқан құла түздегi теңiз деңгейiнен 1000-нан - 2000 метрге дейiн биiктiктегi тауларда, елсiз аралдар мен түбектерде орналасқан гидрометеорологиялық станциялар мен постылар екiншi санатқа жатқызылсын.
Қазақстанның шалғайдағы ел аз қонған, таяу iрi мекендермен тұрақты байланысы жоқ (20 километр және одан шалғай) аудандарында орналасқан гидрометеорологиялық станциялар мен постылар үшiншi санатқа жатқызылсын.

3

3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi Бас басқарма қатынауы қиын станциялардың сыбаға санаттары бойынша бiр адамға берiлетiн азық-түлiктiң түр-түрiн Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен, Еңбек министрлiгiмен және Сауда министрлiгiмен келiсетiн болсын.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бағалар индексiнiң өзгеруiн ескерiп, бюджет есебiнен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi Бас басқарманың қатынауы қиын станцияларының сыбаға санаттары бойынша тағам өнiмдерiнiң келiсiлген түр-түрiне төлем жасалуын көздесiн.
Облыстардың әкiмдерi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi Бас басқармасы бекiткен тiзiмдер бойынша облыстардың ресурстары есебiнен сыбаға белгiленген станциялар мен постыларға тамақ өнiмдерiн берiп тұруды қамтамасыз етсiн.

4 4. Сыбаға берiлетiн станциялар мен постылардың тiзiмдерiн жыл сайын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi Бас басқармасы бекiтетiн болып белгiленсiн.

Қолданыстағы