Кіру
Құжат мәтініне өту

Об отмене огpаничений на заpаботную плату и на пpиpост сpедств, напpавляемых на потpебление, и о повышении заpаботной платы pаботников бюджетных оpганизаций и учpеждений

Жарлық · № 541 · қабылданған 12.12.1991
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/p-p-pp-p-p-p-p-p-p-p/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
Об отмене огpаничений на заpаботную плату и на пpиpост сpедств, напpавляемых на потpебление, и о повышении заpаботной платы pаботников бюджетных оpганизаций и учpеждений Күшін жойған Жарлық ·№ 541 ·12.12.1991
29.01.1996 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об отмене огpаничений на заpаботную плату и на пpиpост сpедств, напpавляемых на потpебление, и о повышении заpаботной платы pаботников бюджетных оpганизаций и учpеждений

Күшін жойған Жарлық ·№ 541 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об отмене огpаничений на заpаботную плату и на пpиpост сpедств, напpавляемых на потpебление, и о повышении заpаботной платы pаботников бюджетных оpганизаций и учpеждений
Атауы (қаз.)
Жалақыға және тұтынуға жұмсалатын қаржының өсiмiне шектеулердi жою туралы әрi бюджеттiк ұйымдар мен мекемелер қызметкерлерiнiң жалақысын өсiру туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
541
Қабылданған күні
12.12.1991
Көрсетілген редакция
29.01.1996 AI82483_1.kaz
Соңғы өзгеріс
29.01.1996
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U910000541_
ЭКБ идентификаторы
82483
Редакция идентификаторы
AI82483_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:50

0 Жалақыға және тұтынуға жұмсалатын қаржының өсiмiне шектеулердi жою туралы әрi бюджеттiк ұйымдар мен мекемелер қызметкерлерiнiң жалақысын өсiру туралы

Салықтың әлеуметтiк қорғалуын күшейту және қызметкерлердiң еңбекке қатынасын арттыру мақсатында қаулы етемiн:

1. 1-тармақ күшiн жойды - ҚР Президентiнiң 1994.01.10.

N 1494 жарлығымен.

2. Бюджеттiк қаржыландырудағы денсаулық сақтау, бiлiм беру, мәдениет, ғылым ұйымдары мен мекемелерiнде, право қорғау органдарында, соттарда, мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарында және басқа ұйымдарда iстейтiн қызметкерлердiң қолданылып жүрген тарифтiк ставкалары мен окладтарының мөлшерi 1991 жылғы 15 желтоқсаннан бастап 90 процент арттырылсын.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларымен және өкiмдерiмен және басқа нормативтiк актiлерiмен белгiленген ставкалармен окладтар 1991 жылғы сәуiрде енгiзiлген өтем ескерiлiп, ұлғайтуға жатады.

3. Еңбекке ақы төлеу реформасы жүзеге асырылғанға дейiн кәсiпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге өз қолдарындағы қаражаттың шеңберiнде жалақыға көлемiн шектемей, қолданылып жүрген аудандық және өзге коэффициенттердi қосуға рұқсат етiлсiн.

4. Бюджеттiк қаржыландырудағы ұйымдар мен мекемелерге еңбекке ақы төлеудiң формалары мен жүйесiн дербес белгiлеуге, үстемелердiң, қосымша төлемдердiң, сыйлықтардың және көтермелеушi сипаты бар басқа да төлемдердiң мөлшерiн, сондай-ақ еңбекақы төлеуге бөлiнген бюджет қаржысының шеңберiнде әр түрлi категорияда қызметкерлер санының ара-қатынасын есепке алмай, құрылымдар мен штаттарды анықтауға құқық берiлсiн.

5. Халық депутаттары облыстық Кеңестерiнiң атқару комитеттерiне, Алматы және Ленинск қалалық комитеттерiне қосымша қаражат табылған жағдайда тиiстi бюджеттердiң есебiнен бюджеттiк қаржыландырудағы өздерiне қарасты ұйымдарда iстейтiн қызметкерлердiң ставкалары мен окладтарын өсiруге құқық берiлсiн.

6. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:

халық депутаттары жергiлiктi Кеңестерiнiң атқару комитеттерiмен бiрлесiп, бюджеттiк қаржыландырудағы қызметкерлердiң тарифтiк ставкалары мен окладтарын өсiру шығындарын үстiмiздегi жылы қаржыландырудың тәртiбi мен көздерiн анықтасын және 1992 жылға арналған бюджеттердiң жобаларында қажеттi қаржының бөлiнуiн қарастырсын;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi кезектi сессиясының қарауына 1991 жылғы 15 желтоқсаннан бастап 1991 жылғы сәуiрде енгiзiлген өтем ескерiлiп айына 200 сомнан төмен болмайтын сомада белгiлеудi еске ала отырып, ең төменгi жалақы мөлшерiн бекiту туралы қаулының жобасын енгiзсiн;
ең төменгi тұтыну бюджетiнiң және республиканың әлеуметтi экономикалық жағдайының өзгеруiне қарай еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi мөлшерiн уақыт өткен сайын қайта қарап отыру тәртiбi туралы шешiм қабылдасын;
осы Жарлыққа байланысты Қазақстан Республикасы заңдарын өзгерту туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiне ұсыныстар енгiзсiн.

Қолданыстағы