Кіру
Құжат мәтініне өту

О поpядке пользования недpами на теppитоpии бывшего Семипалатинского испытательного ядеpного полигона

Қаулы · № 44 · қабылданған 07.01.1994
Заңдық күші: Қолданыста · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/p-p-ppp-p/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
О поpядке пользования недpами на теppитоpии бывшего Семипалатинского испытательного ядеpного полигона Қолданыста Қаулы ·№ 44 ·07.01.1994
07.01.1994 редакциясы
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.01.1994. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О поpядке пользования недpами на теppитоpии бывшего Семипалатинского испытательного ядеpного полигона

Қолданыста Қаулы ·№ 44 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О поpядке пользования недpами на теppитоpии бывшего Семипалатинского испытательного ядеpного полигона
Атауы (қаз.)
Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағында жер қойнауын пайдалану тәртібі туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
44
Қабылданған күні
07.01.1994
Көрсетілген редакция
07.01.1994 AI149_0.kaz
Соңғы өзгеріс
07.01.1994
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P940000044_
ЭКБ идентификаторы
149
Редакция идентификаторы
AI149_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:41

0 БҰРЫНҒЫ СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚ ПОЛИГОНЫ АУМАҒЫНДА ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ТӘРТIБI ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының атом энергетикасын дамытып, ядролық сынақтардың зардабын жою және тиiстi аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық оңалту жөнiндегi жұмысын ұлғайту мақсатында, сондай-ақ бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағында тау-кен жұмыстары мен басқа да шаруашылық қызметiн қауiпсiз жүргiзудiң қосымша шараларын қолдану үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру, оларды ұқсату және сату үшiн бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны шеңберiнде жер қойнауын геологиялық зерттеудiң және жер қойнауын (пайдалануға объектiлерден басқасын) пайдаланудың бiрiншi кезектегi құқықтары Жер қойнауы және минералдық шикiзатты ұқсату туралы Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1992 ж., N 9, 248-бап) көзделген тәртiппен Орталық қызметiнiң бүкiл мерзiмiне берiлетiн болсын.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына жеке адамдардың, жеке компаниялардың, оның iшiнде шет ел компанияларының қаражаты мен олардың материалдық құндылықтары енгiзiлетiн жарғылық әрi инвестициялық қорлары бар акционерлiк және басқа компанияларды белгiленген тәртiппен құруына рұқсат етiлсiн.

3. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi бекiткен жұмыс бағдарламасына сәйкес бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағында жер қойнауын геологиялық зерттеу жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте тиiстi жылға арналып көзделген, минералды шикiзат ресурстарын молайту және жер қойнауын қорғау қорының қаржысы есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

Қолданыстағы