Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута товарищества с ограниченной ответственностью «Pana holding»

Қаулы · № 1799 · қабылданған 21.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/pana-holding/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута товарищества с ограниченной ответственностью «Pana holding» Қолданыста Қаулы ·№ 1799 ·21.04.2025
21.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута товарищества с ограниченной ответственностью «Pana holding»

Қолданыста Қаулы ·№ 1799 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута товарищества с ограниченной ответственностью «Pana holding»
Атауы (қаз.)
«Pana Holding» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қоғамдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1799
Қабылданған күні
21.04.2025
Көрсетілген редакция
21.04.2025 209788_755744.kaz
Соңғы өзгеріс
21.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25E001799A
ЭКБ идентификаторы
209788
Редакция идентификаторы
209788_755744
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:58

0 «Pana Holding» жауапкершілігі

шектеулі серіктестігіне
қоғамдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, заңды тұлғаның өтініші негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Pana Holding» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне төменде көрсетілген жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2030 жылдың 03 сәуіріне дейін қоғамдық сервитут белгіленсін:

1 1) Шымкент қаласы, 189 орам, нөмірсіз мекенжайында орналасқан жер учаскесіне газ құбырын жүргізу үшін алаңы 0,0514 га.

«Pana Holding» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 3536 (үш мың бес жүз отыз алты) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.

2 2) Шымкент қаласы, 189 орам, нөмірсіз мекенжайында орналасқан жер учаскесіне электр желісін жүргізу үшін алаңы 0,0273 га.

«Pana Holding» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 1878 (бір мың сегіз жүз жетпіс сегіз) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.

3 3) Шымкент қаласы, 189 орам, нөмірсіз мекенжайында орналасқан жер учаскесіне кәріз құбырын жүргізу үшін алаңы 0,0044 га.

«Pana Holding» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 303 (үш жүз үш) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.

4 4) Шымкент қаласы, 189 орам, нөмірсіз мекенжайында орналасқан жер учаскесіне су құбырын жүргізу үшін алаңы 0,0069 га.

«Pana Holding» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 475 (төрт жүз жетпіс бес) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.

5 5) Шымкент қаласы, 189 орам, нөмірсіз мекенжайында орналасқан жер учаскесіне байланыс (ғаламтор) желісін жүргізу үшін алаңы 0,0046 га.

«Pana Holding» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 316 (үш жүз он алты) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.

2 2. «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Р. Берденовке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы