Құжат мәтініне өту

ИМПОРТ: О введении в действие Закона Республики Казахстан "Об аpбитpажном суде Республики Казахстан и Закона Республики Казахстан "О поpядке pазpешения хозяйственных споpов аpбитpажными судами Республики Казахстан"

Қаулы · № б/н · қабылданған 17.01.1992
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/pp-p-pp-p-pp/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
ИМПОРТ: О введении в действие Закона Республики Казахстан "Об аpбитpажном суде Республики Казахстан и Закона Республики Казахстан "О поpядке pазpешения хозяйственных споpов аpбитpажными судами Республики Казахстан" Күшін жойған Қаулы ·№ б/н ·17.01.1992
17.01.1992 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.1992. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

ИМПОРТ: О введении в действие Закона Республики Казахстан "Об аpбитpажном суде Республики Казахстан и Закона Республики Казахстан "О поpядке pазpешения хозяйственных споpов аpбитpажными судами Республики Казахстан"

Күшін жойған Қаулы ·№ б/н · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
ИМПОРТ: О введении в действие Закона Республики Казахстан "Об аpбитpажном суде Республики Казахстан и Закона Республики Казахстан "О поpядке pазpешения хозяйственных споpов аpбитpажными судами Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
ИМПОРТ: "Қазақстан Республикасының арбитраждық соты туралы" Қазақстан Республикасы Заңы мен "Қазақстан Республикасы арбитраждық соттарының шаруашылық дауларын шешу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшіне енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
б/н
Қабылданған күні
17.01.1992
Көрсетілген редакция
17.01.1992 4130_651513.kaz
Соңғы өзгеріс
17.01.1992
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P920000000S
ЭКБ идентификаторы
4130
Редакция идентификаторы
4130_651513
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:50

0 "Қазақстан Республикасының арбитраждық соты туралы" Қазақстан Республикасы Заңы мен "Қазақстан Республикасы арбитраждық соттарының шаруашылық дауларын шешу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшіне енгізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 13.07.1999 № 412-І Заңымен.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Қеңесі қаулы етеді:

1 1. "Қазақстан Республикасының арбитраждық соты туралы" Қазақстан Республикасы Заңы мен "Қазақстан Республикасы арбитраждық соттарының шаруашылық дауларын шешу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 1992 жылғы 1 ақпанның бастап күшіне енгізілсін.

2

2. Алдағы уақытта республика заңдары "Қазақстан Республикасының арбитраждық соты туралы" және "Қазақстан Республикасы арбитраждық соттарының шаруашылық дауларын шешу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес келтірілгенге дейін заң актілері шаруашылық дауларын шешу тәртібіне және арбитраждық органдар қызметіне қатысты бөлігінде, егер олар осы заңдарға қайшы келмесе, қолданылады.

3 3. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасы арбитраждық органдарының ведомстволық қарауына жатқызылған және 1992 жылғы 1 ақпанға дейін қаралуға келіп түскен істер осы ведомствоға жатындығы бойынша шешілуге тиіс деп белгіленсін.

4 4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік арбитражына:

Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Заңдар, заңдылық және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі комитетімен бірлесіп қолданылып жүрген заң актілерін "Қазақстан Республикасының арбитраждық соты туралы" және "Қазақстан Республикасы арбитраждық соттарының шаруашылық дауларын шешу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес келтіру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қарауына ұсыну тапсырылсын.

5 5. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті 1992 жылғы 1 наурызға дейін:

республика Үкіметінің шешімдерін "Қазақстан Республикасының арбитраждық соты туралы" және "Қазақстан Республикасы арбитраждық соттарының шаруашылық дауларын шешу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес келтірсін;
Қазақстан Республикасы министрліктерінің, мемлекеттік комитеттері мен ведомстволарының аталған заңдарға қайшы келетін өз нормативтік актілерін, соның ішінде нұсқаулары мен ережелерін қайта қарап, күшін жоюын қамтамасыз ететін болсын.

6 6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік арбитражына 1992 жылғы I ақпанға дейін:

Қазақстан Республикасы Арбитраждық соттары судьяларының мамандық кластары туралы ережені;
Қазақстан Республикасы Арбитраждық соттары судьяларының мамандық алқасы туралы ережені;
Қазақстан Республикасы Арбитраждық соттары судьяларының тәртіптік жауапкершілігі, оларды кері шақырып алу және мерзімінен бұрын босату туралы Ережені әзірлеу тапсырылсын.
Қазақстан Республикасы арбитраждық соттарының мамандық алқасын сайлау және оның қызметін ұйымдастыру, судьяларын аттестаттаудан өткізу, оларға мамандық кластарын беру тәртібі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы арбитраждық соттарының судьяларын тәртіптік жауапкершілікке тарту және мерзімінен бұрын кері шақырып алу тәртібі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Қеңесі Президиумының бекітуіне жататын аталған ережелермен анықталады деп белгіленсін.

7 7. Қазақстан Республикасы Жоғары арбитраждық сотының қызметкерлерін материалдық жағынан қамсыздандыруды, оларға медициналық және тұрмыстық қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының Іс Басқармасы жүзеге асыратын болып белгіленсін.

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті республиканың арбитраждық соттары қызметін материалдық-техникалық жағынан қамсыздандыру шараларын қабылдайтын болсын.

Қолданыстағы