О ставках акцизов на отдельные виды отечественных и импоpтиpуемых подакцизных товаpов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ставках акцизов на отдельные виды отечественных и импоpтиpуемых подакцизных товаpов
- Атауы (қаз.)
- Отандық және импортталған акциздiк тауарлардың жекелеген түрлерiне қойылатын акциз ставкалары туралы /Үзiндi/
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 146
- Қабылданған күні
- 13.02.1995
- Көрсетілген редакция
- 13.07.1995 AI2204_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.07.1995
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P950000146_
- ЭКБ идентификаторы
- 2204
- Редакция идентификаторы
- AI2204_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:36
0 Отандық және импортталған акциздiк тауарлардың жекелеген түрлерiне қойылатын акциз ставкалары туралы /Үзiндi/
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Отандық өндiрiс тауарларының жекелеген түрлерiне акциз ставкалары осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес белгiленсiн.
Акциздердiң аталған ставкалары қосымша құнға салынбаған салықсыз еркiн баға негiзiнде 1995 жылдың 20 ақпаннан бастап жөнелтiлген акциздiк тауарлар /өнiмдер/ үшiн төленген есептер бойынша айналымдарға қолданылады.
2. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттерден тысқары жерлерден, сондай-ақ Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттерден әкелiнген импорт тауарларының жекелеген түрлерiне акциз ставкалары осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес белгiленсiн.
Жасалған контрактылар /шарттар, келiсiмдер/ бойынша және 1995 жылдың 20 ақпанына дейiн толық төленген оның iшiнде Қазақстан Республикасының басқа заңды ұйым-резидентi немесе резидент емесi, сондай-ақ бартерлiк операциялар бойынша төленген аталған тауарларға, егер тауарлар экспортқа 1995 жылдың 20 ақпанына дейiн шығарылған болса, 1995 жылдың 20 ақпанына дейiн қолданылып келген ставкалар бойынша салық салынады.
3 Отандық өндiрiстiң халық тұтыну тауарларының жекелеген түрлерiне қойылатын АКЦИЗ СТАВКАЛАРЫ
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 13 ақпандағы
N 146 қаулысына
N 1 қосымша
Отандық өндiрiстiң халық тұтыну тауарларының
жекелеген түрлерiне қойылатын
АКЦИЗ СТАВКАЛАРЫ
-------------------------------------------------------------------
Тауарлар атауы | Акциз ставкалары қосылған
| құнға салынатын салықсыз босату
| бағаларындағы құнға процент
| есебiмен
-------------------------------------------------------------------
Арақ 70
Кiлем және кiлем бұйымдары 0
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 13 ақпандағы
N 146 қаулысына
N 2 қосымша
Импортталған тауарларға қойылатын
АКЦИЗ СТАВКАЛАРЫ
-------------------------------------------------------------------
Сыртқы экономикалық қызмет| |Акциз ставкалары
тауар номенклатурасының | Тауарлардың атауы |кеден құнына
коды | |процент есебiмен
-------------------------------------------------------------------
180631, 180632, 180690 Шоколад және шоколад 55 */
өнiмдерi
2208 /220890910,
220890900-нан басқасы/ Күштi спирт iшiмдiктерi,
ликерлар және басқа алкоголь
iшiмдiктерi; 300 **/
сусын жасауға пайдаланылатын
құрамында спиртi бар жартылай
өнiмдер
2402 Сигаралар /оның iшiнде ұштары
қиылған/ сигариллалар және
темекiден немесе оны
алмастырғыштардан жасалған
сигареттер
100 **/
-----------------------------------------
📌 Ескерту. */Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттерден
тысқары жерлерден әкелiнген тауарлар үшiн;
**/Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттерден
тысқары жерлерден, сондай-ақ Тәуелсiз Мемлекеттер
Достастығына мүше мемлекеттерден әкелiнген тауарлар
үшiн.