Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О введении на теppитоpии Республики Казахстан маpок акцизного сбоpа и pеализации подакцизных товаpов, подлежащих маpкиpовке

Қаулы · № 592 · қабылданған 27.04.1995
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/ppp-p-p-p-p-pp/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О введении на теppитоpии Республики Казахстан маpок акцизного сбоpа и pеализации подакцизных товаpов, подлежащих маpкиpовке Күшін жойған 31.12.1996 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О введении на теppитоpии Республики Казахстан маpок акцизного сбоpа и pеализации подакцизных товаpов, подлежащих маpкиpовке

Күшін жойған Қаулы № 592 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О введении на теppитоpии Республики Казахстан маpок акцизного сбоpа и pеализации подакцизных товаpов, подлежащих маpкиpовке
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының аумағында акциздiк алым маркаларын енгiзу және таңбалауға жататын акцизделетiн тауарларды сату туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
592
Қабылданған күні
27.04.1995
Көрсетілген редакция
31.12.1996 AI826_1.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.1996
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P950000592_
ЭКБ идентификаторы
826
Редакция идентификаторы
AI826_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:35
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасының аумағында акциздiк алым маркаларын енгiзу және таңбалауға жататын акцизделетiн тауарларды сату туралы

📌 Ескерту. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.12.31. N 1749 қаулысымен.
Акциздердiң толық алымын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағына акцизделетiн тауарлардың кейбiр түрлерiн жасырын әкелуге, өндiруге және сатуға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. 1 және 2 қосымшаларға сәйкес акцизделетiн тауарларды акциздiк алым маркасымен мiндеттi түрде таңбалау енгiзiлсiн.

2. Акцизделетiн тауарларды таңбалауға осы тауарларды отандық өндiрушiлер және импорттаушылар жауапты болып табылады деп белгiленсiн.

3. Былай деп белгiленсiн:

акциздер белгiленген үлгiдегi акциздiк алым маркаларын сату жолымен алынады;
осы қаулыға сәйкес енгiзiлетiн акциздiк алым маркаларының құны акциздер бойынша аванстық төлем болып табылады және бюджетке акциздер бойынша төлемдердi кемiтуге есептеледi.

4. Акциздердi төлеудiң мынадай тәртiбi енгiзiлсiн:

мiндеттi түрде таңбалауға жататын отандық өндiрiстiң акцизделетiн тауарлары бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бекiтетiн кестеге сәйкес таңбалау облыстар деңгейiнде 1995 жылдың 20 мамырынан бастап жүргiзiлсiн;
импорттық өндiрiс тауарлары бойынша акцизделетiн тауарларды таңбалау оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде акциздiк алым маркасымен жүргiзiлсiн;
темекi және темекi өнiмдерi бойынша - 1995 жылдың 1 қазанынан;
алкоголь өнiмдерi бойынша - 1996 жылдың 1 қаңтарынан.
📌 Ескерту. 4-шi тармақтың төртiншi абзацына өзгерiс
енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.07.08. N 1094;
4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1996.02.22. N 73 қаулыларымен.

5. Акциздiк алым маркалары болмаса Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн, таңбалауға жататын тауарларды сатуға 1995 жылдың 10 маусымынан, ал Қазақстан Республикасы аумағына әкелiнетiн темекi өнiмдерiн сатуға 1995 жылдың 20 қазанынан, алкоголь өнiмдерi сатуға 1996 жылдың 1 қаңтарынан тыйым салынсын.
📌 Ескерту. 5-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң
1995.07.08. N 1094;
5-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРМК-нiң1996.02.22. N 73 қаулыларымен

6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Қазақстан Республикасының кеден комитетi:

акциздiк алым маркаларының үлгiлерiн, оларды салу мен есептеу тәртiбiн бекiтсiн;
Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және оның аумағына әкелiнетiн акцизделетiн тауарларды таңбалау тәртiбiн әзiрлеп, бекiтсiн.

7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:

отандық және импортталатын тауарлардың өзiндiк құнын, сондай-ақ берiлетiн орнына дейiн жеткiзу шығынын ескере отырып, оларға салынатын акциздiк алым маркаларының бағасын анықтасын;
Акциздердi есептеу мен төлеу тәртiбi туралы нұсқаулыққа тиiстi өзгертулер енгiзсiн.

8. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банкноттық фабрикасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiмен бiрлесiп иридисценттiк қағазды пайдалана және сериясы мен жетi таңбалы нөмiрлерiн мiндеттi түрде қоя отырып, акциздiк алым маркаларының жаңа дизайнын жасасын және даярласын.

📌 Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚРМК-нiң 1996.01.10.
N 39 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.10.04.
N 1226 қаулысымен.

9. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Кеден комитетi бiр апта мерзiм iшiнде мiндеттi түрде таңбалауға жататын және Қазақстан Республикасының аумағындағы акцизделетiн отандық және импорттық тауарларды түгендеу тәртiбiн әзiрлеп, бекiтсiн.

10. Акциздiк алым маркаларымен таңбалауға жататын акцизделетiн тауарларды өндiрудi, әкелудi және сатуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар:

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiтетiн кестеге сәйкес таңбалауға жататын отандық өндiрiс тауарларына;
1995 жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша импортталатын темекi мен темекi өнiмдерiне және 1996 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алкоголь өнiмдерi түгендеу жүргiзсiн.
📌 Ескерту. 10-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРМК-нiң
1996.02.22. N 73 қаулысымен.

11. Импортталатын темекi мен темекi өнiмдерiнiң қалдығы 1995 жылдың 20 тамызындағы жағдай бойынша, ал отандық өндiрiс шығарған және Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген алкоголь өнiмдерi осы қаулының 10-тармағына сәйкес түгендеу қорытындыларында белгiленген мөлшерде тиiсiнше 1995 жылдың 10 маусымы мен 1996 жылдың 20 қаңтарындағы жағдай бойынша таңбалансын.

12. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi және Қазақстан Республикасының Кеден комитетi Әдiлет министрлiгiмен бiрлесе отырып, бiр ай мерзiмде қолданылып жүрген заңдарға Қазақстан Республикасының аумағында таңбалауға жататын акцизделетiн тауарларды әкелу, өндiру мен сату тәртiбiн бұзғаны үшiн әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiк көзделген өзгертулер енгiзу жөнiнде ұсыныстар берсiн.

13. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда

министрлiгi 1995 жылдың 1 маусымына дейiн Қазақстан Республикасының
аумағында Азық-түлiк тауарларының жекелеген түрлерiн сату
ережесiне акциздiк алым маркаларымен мiндеттi түрде таңбалауға
жататын акцизделетiн тауарларды сату тәртiбiн белгiлеудi
көздейтiн толықтырулар мен өзгертулер енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi

14 Акциздiк алым маркаларымен мiндеттi түрде таңбалауға жататын отандық акцизделетiн тауарлар Тiзбесi

Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 28 сәуiрдегi
N 592 қаулысына
1 қосымша
Акциздiк алым маркаларымен мiндеттi түрде
таңбалауға жататын отандық акцизделетiн тауарлар
Тiзбесi
Арақ
Iшетiн этиль спиртi
Ликерлер, күшейтiлген iшiмдiктер және бальзам
Коньяк
Шампан
Шарап
Экспортқа арақ
Экспортқа темекi
📌 ЕСКЕРТУ. 1-қосымшаға толықтырулар енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң
1996.06.18. N 760 қаулысымен.
ЕСКЕРТПЕ. Бұл жағдайда акциз маркiлерiнiң құны экспортталатын
тауарлар бойынша жұмсалатын шығынға қосылады.

15 Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн және акциздiк алым маркаларымен мiндеттi түрде таңбалауға жататын акцизделетiн тауарлар Тiзбесi

Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 28 сәуiрдегi
N 592 қаулысына
2 қосымша
Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн
және акциздiк алым маркаларымен мiндеттi түрде
таңбалауға жататын акцизделетiн тауарлар
Тiзбесi
------------------------------------------------------------------
Сыртқы экономикалық |
қызметтiң тауар     |      Тауарлардың атауы
номенклатурасының   |
коды                |
------------------------------------------------------------------
2204                 Күшейтiлгенiн қосқанда, табиғи жүзiм
(2204-30-дан         шарабы

басқасы)

2205                 Вермуттар және өсiмдiк немесе хош иiстi
қоспалар қосылған басқа да табиғи жүзiм
шараптары
2206                 Басқа да ашытылған сусындар (алма сидры,
алмұрт сидры (перру), бал сусыны)
2207                 Көлемi бойынша құрамында кемiнде 80
процент спиртi бар басқа нәрсе қосылмаған
этиль спиртi; күшейтiлген қоспалы этиль
спиртi және басқа спирттiк iшiмдiктер
2208                 Көлемi бойынша құрамындағы спиртi 80
проценттен аз басқа нәрсе қосылмаған
этиль спиртi;
күштi спирттiк iшiмдiктер, ликерлер және
басқа алкогольдiк iшiмдiктер;
iшiмдiктердi дайындауға пайдаланылатын
құрамдас спирттiк жартылай өңделген өнiм
2208 90 530-дан**    Спирттелген шырын
2208 90 730-дан**
2402                 Сигарлар (оның iшiнде ұшы шырпылған

сигарлар), сигариллалар (жiңiшке сигарлар)

және темекiден немесе оны алмастырғыштардан
жасалған сигареттер
-----------------
* Құтыдағыдан басқасы
** Спирттiк шырын дегенiмiз көлемi бойынша спирт құрамы
0,5 проценттен астам шырын.
📌 Ескерту. Қосымшадан бiр жол алынып тасталған - ҚРМК-нiң
1996.02.22. N 73 қаулысымен.