Об установлении публичного сервитута для проведения работ по разведке полезных ископаемых товариществу с ограниченной ответственностью «Prime Gold Minig Limited»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута для проведения работ по разведке полезных ископаемых товариществу с ограниченной ответственностью «Prime Gold Minig Limited»
- Атауы (қаз.)
- «Prime Gold Minig Limited» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 49
- Қабылданған күні
- 18.02.2025
- Көрсетілген редакция
- 18.02.2025 207300_745108.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25CB00049A
- ЭКБ идентификаторы
- 207300
- Редакция идентификаторы
- 207300_745108
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:03
0 «Prime Gold Minig Limited» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына және 71-1 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Prime Gold Minig Limited» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін, Әйтеке би ауданында орналасқан 2-EL лицензиясы бойынша жалпы алаңы 716 гектар жер учаскелеріне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2029 жылдың 12 қазанға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2 2. «Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2 2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3
3. «Prime Gold Minig Limited» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер пайдаланушыларға қауымдық сервитут белгілеуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.