Об установлении публичного сервитута на земельные участки для проведения операций по разведке твердых полезных ископаемых товариществом с ограниченной ответственностью «QAZ Cuprum Group»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута на земельные участки для проведения операций по разведке твердых полезных ископаемых товариществом с ограниченной ответственностью «QAZ Cuprum Group»
- Атауы (қаз.)
- «QAZ Cuprum Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 113/02
- Қабылданған күні
- 11.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2024 203965_736330.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24KO11302A
- ЭКБ идентификаторы
- 203965
- Редакция идентификаторы
- 203965_736330
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 07:57
0 «QAZ Cuprum Group» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігімен
қатты пайдалы қазбаларды
барлау жөніндегі операцияларды
жүргізу үшін жер учаскелеріне
жария сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «QAZ Cuprum Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2029 жылдың 06 тамызына дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Осакаров ауданының Шідерті ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы ауданы 961,7664 гектар жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.
2
2. «QAZ Cuprum Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шығындарын толық көлемде өтеуі қажет, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын.
3 3. «Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету:
1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне енгізу және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберу;
2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Оларға қатысты жария сервитут белгіленуге жататын қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияның 2023 жылғы 07 тамыздағы № 2088-EL шекарасындағы жер учаскелерінің тізбесі
Осакаров ауданы әкімдігінің
2024 жылғы «11» желтоқсандағы
№113/02
қаулысына қосымша
Оларға қатысты жария сервитут белгіленуге жататын қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияның 2023 жылғы 07 тамыздағы № 2088-EL шекарасындағы жер учаскелерінің тізбесі
№№
Кадастрлық нөмір
Участкенің орналасқан жері
Жария сервитут белгіленуге жататын учаскелер бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында), га
1.
09-137-041-101
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Шідерті ауылдық округі, «Шидерты-kz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
312,44
2.
09-137-041-089
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Шідерті ауылдық округі, «Шидерты-kz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
649,3264
БАРЛЫҒЫ
961,7664