Акционерное общество «QAZAQGAZ AIMAQ» об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Акционерное общество «QAZAQGAZ AIMAQ» об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- «QAZAQGAZ AIMAQ» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 16
- Қабылданған күні
- 04.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 04.03.2025 207771_746876.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25MBA0016B
- ЭКБ идентификаторы
- 207771
- Редакция идентификаторы
- 207771_746876
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:48
0 «QAZAQGAZ AIMAQ» акционерлік қоғамына
қауымдық сервитут белгілеу туралы
1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына және Жер кодексінің 19, 69-баптарына сәйкес, Жаңаөзен қалалық жер комиссиясының 2024 жылғы 27 қарашадағы (03-06/51 хаттамасы) қорытындысы, Жаңаөзен қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 10.01.2025 жылғы №KZ59VBG01527406, №KZ69VBG01527420, KZ74VBG01527427 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары, «QAZAQGAZ AIMAQ» акционерлік қоғамының өтініші негізінде Теңге ауылы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
2 2. «QAZAQGAZ AIMAQ» акционерлік қоғамына (БСН: 020440001144) төменде көрсетілген жер учаскелеріне жер пайдаланушылардан алып қоймай 10 (он) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
1 1) Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылынан жоғарғы қысымды газ құбырын
орналастыру және пайдалану үшін көлемі 0,0224 гектар;
2 2) Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылынан №58 ШГРП-ны орналастыру
және пайдалану үшін көлемі 0,0026 гектар;
3 3) Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, Төле би төменгі қысымды газ
құбырын орналастыру және пайдалану үшін көлемі 0,1406 гектар.