Акционерное общество «QAZAQGAZ AIMAQ» об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Акционерное общество «QAZAQGAZ AIMAQ» об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- «QAZAQGAZ AIMAQ» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 09
- Қабылданған күні
- 04.03.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 04.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 04.03.2025 207924_747212.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25MBB0009B
- ЭКБ идентификаторы
- 207924
- Редакция идентификаторы
- 207924_747212
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:46
0 «QAZAQGAZ AIMAQ» акционерлік қоғамына
қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына сәйкес, Жаңаөзен қалалық жер комиссиясының 2024 жылғы 27 қарашадағы (№03-06/51 хаттамасы) қорытындысы, Жаңаөзен қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 10.01.2025 жылғы № KZ38VBG01527493, № KZ68VBG01527438, № KZ63VBG01527431, № KZ39VBG01527378, № KZ75VBG01527506 бұйрықтары және «QAZAQGAZ AIMAQ» акционерлік қоғамының өтініші негізінде, Қызылсай ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылсай ауылынан жоғарғы, орташа және төменгі қысымдағы газ құбырларын орналастыру және пайдалану үшін жалпы көлемі 1,9469 гектар жер учаскесі «QAZAQGAZ AIMAQ» акционерлік қоғамына (БСН: 020440001144) жер пайдаланушылардан алып қоймай 10 (он) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2 2. «Қызылсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бас маман Ж. Андреева) заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді ресми жариялауға, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің интернет ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Қызылсай ауылы әкімдігінің бас маманы С. Аяшеваға жүктелсін.
4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі
Қызылсай ауылы әкімінің
2025 жылғы «04» наурыздағы
№09 шешіміне қосымша
Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі
№
Жер учаскелері берілетін жердегі жер пайдаланушылардың атаулары мен жер санаттары
Қауымдық сервитут белгілеу көлемі, гектар
1
Жаңаөзен қаласы, Қызылсай ауылы төменгі қысымды газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін
0,1415
2
Жаңаөзен қаласы, Қызылсай ауылы, Оңтүстік ауыл көшесі, төменгі қысымды газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін
0,4198
3
Жаңаөзен қаласы, Қызылсай ауылы, Жоғарғы ауыл көшесі, төменгі қысымды газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін
0,5180
4
Жаңаөзен қаласы, Қызылсай ауылы, орташа қысымды газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін
0,5738
5
Жаңаөзен қаласы, Қызылсай ауылы, жоғары қысымды газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін
0,2938
Барлығы:
1,9469