О переименовании акционерного общества «Казахстанский центр индустрии и экспорта» в акционерное общество «Казахстанский центр индустрии и экспорта «QazIndustry»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании акционерного общества «Казахстанский центр индустрии и экспорта» в акционерное общество «Казахстанский центр индустрии и экспорта «QazIndustry»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамын «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы деп қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 546
- Қабылданған күні
- 29.07.2019
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2023 133515_682126.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1900000546
- ЭКБ идентификаторы
- 133515
- Редакция идентификаторы
- 133515_682126
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:59
0 «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамын «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы деп қайта атау туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.
2 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Нұр-Сұлтан қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-117-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«21-117. «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ».
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы
27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 386-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«386. «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы.».
3 3. «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы 9 шілдедегі № 1048 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:
«Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)».
4 4. «Қазақстан Республикасының перспективалы ұлттық кластерлерін қалыптастырудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қазандағы № 1092 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының перспективалы ұлттық кластерлерін қалыптастырудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында:
«Перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастырудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері» деген 2-бөлімде:
«Кластерлік бастамаларды мемлекеттік қолдау» деген кіші бөлімде:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамының және Ғылым қорының технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттарын бөлуі, кластерлерге қатысушы ірі кәсіпорындардың бірлесіп қаржыландыруы арқылы кластерлер үшін перспективалы ҒЗТКЖ-ні қолдау;».
5 5. «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1159 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«Дәстүрлі секторлардағы кәсіпорындарды жаңғырту есебінен тиімді базалық индустрияны құруды аяқтау» деген 1-міндеттің реттік нөмірі
2-жолында «ҚИЭО» АҚ (келісім бойынша)» деген аббревиатура мен сөздер «QazIndustry» ҚИЭО» АҚ (келісім бойынша)» деген аббревиатурамен және сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 15, 19, 34, 35, 36, 37, 38, 86, 87-жолдардағы «ҚИЭО» АҚ (келісім бойынша)» деген аббревиатура мен сөздер «QazIndustry» ҚИЭО» АҚ (келісім бойынша)» деген аббревиатурамен және сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 24-жолдағы «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ (келісім бойынша)» деген аббревиатура мен сөздер «QazIndustry» ҚИЭО» АҚ (келісім бойынша)» деген аббревиатурамен және сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 53, 54-жолдардағы «ҚИЭО» АҚ (келісім бойынша)» деген аббревиатура мен сөздер «QazIndustry» ҚИЭО» АҚ (келісім бойынша)» деген аббревиатурамен және сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 55, 59, 60, 61, 62-жолдардағы «ҚИЭО» АҚ (келісім бойынша)» деген аббревиатура мен сөздер «QazIndustry» ҚИЭО» АҚ (келісім бойынша)» деген аббревиатурамен және сөздермен ауыстырылсын;
«Инновациялық белсенді бизнестің сындарлы мөлшерінің пайда болуы үшін алғышарттар жасау» деген 4-міндеттің реттік нөмірлері 1 және
2-жолдарындағы «ҚИЭО» АҚ (келісім бойынша)» деген аббревиатура мен сөздер «QazIndustry» ҚИЭО» АҚ (келісім бойынша)» деген аббревиатурамен және сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 80, 85-жолдардағы «ҚИЭО» АҚ (келісім бойынша)» деген аббревиатура мен сөздер «QazIndustry» ҚИЭО» АҚ (келісім бойынша)» деген аббревиатурамен және сөздермен ауыстырылсын;
Ескертпеде:
аббревиатуралардың толық жазылуында:
«ҚИЭО – «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«QazIndustry» ҚИЭО – «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы».
6
7
8
9
10 10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
11 11. «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 469 қаулысында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар бойынша бірыңғай үйлестіру орталығы болып айқындалсын.».