О переименовании акционерного общества «Центр развития торговой политики» в акционерное общество «Центр развития торговой политики «QazTrade»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании акционерного общества «Центр развития торговой политики» в акционерное общество «Центр развития торговой политики «QazTrade»
- Атауы (қаз.)
- «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамын «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы деп қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 663
- Қабылданған күні
- 06.09.2019
- Көрсетілген редакция
- 21.11.2022 134533_602290.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1900000663
- ЭКБ идентификаторы
- 134533
- Редакция идентификаторы
- 134533_602290
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:34
0 «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамын «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы
деп қайта атау туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлiк қоғамы болып қайта аталсын.
2 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Нұр-Сұлтан қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-76-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«21-76. «QazTrade» cауда саясатын дамыту орталығы» АҚ».
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 400-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«400. «QazTrade» cауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы.».
3 3. «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамын құрудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 616 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 23, 244-құжат):
2-тармақ мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) сыртқы нарықтарға талдау жүргізу;
8) «бір терезе» шеңберінде шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету».
4
5 5. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі
№ 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 497 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы.».