Об утверждении объемов изъятия родиолы розовой (Rhodiola rosea) и рапонтикума сафлоровидного (Rhaponticum carthamoides), занесенных в Красную книгу Республики Казахстан, на 2016 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении объемов изъятия родиолы розовой (Rhodiola rosea) и рапонтикума сафлоровидного (Rhaponticum carthamoides), занесенных в Красную книгу Республики Казахстан, на 2016 год
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген қызғылт семізот (Rhodiola rosea) пен сафлор тәрiздес аюдәрiні (Rhaponticum carthamoides) алудың 2016 жылға арналған көлемдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 223
- Қабылданған күні
- 15.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 15.04.2016 106218_111108.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000223
- ЭКБ идентификаторы
- 106218
- Редакция идентификаторы
- 106218_111108
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:34
0 Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген қызғылт
семізот (Rhodiola rosea) пен сафлор тәрiздес аюдәрiні (Rhaponticum carthamoides) алудың 2016 жылға арналған көлемдерін бекіту туралы
2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексі 12-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Арнайы жасалған жағдайларда көбейту үшін Шығыс Қазақстан облысы аумағында Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген өсiмдiктердiң мынадай түрлерін алудың 2016 жылға арналған көлемдері бекітілсін:
1
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Медведь орманшылығы 15-орамының 5-телімі және 13-орамының 12-телімі аумағында 25,2 га алаңнан дымқыл түрдегі қызғылт семізот (Rhodiola rosea)– 2500 килограмм (781 дана);
2
2) Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Күршім орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Пугачев орманшылығы 128-орамының 5-телімі және 145-орамының 2-телімі аумағында 187,5 га алаңнан дымқыл түрдегі сафлор тәрiздес аюдәрi (Rhaponticum carthamoides) – 16100 килограмм (51111 дана).