Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Rio Tinto Exploration Kazakhstan» (Рио Тинто Эксплорэйшн Казахстан)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Rio Tinto Exploration Kazakhstan» (Рио Тинто Эксплорэйшн Казахстан)
- Атауы (қаз.)
- «Rio Tinto Exploration Kazakhstan» (Рио Тинто Эксплорэйшн Казахстан) жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 123
- Қабылданған күні
- 09.06.2021
- Көрсетілген редакция
- 09.06.2021 157324_532405.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.06.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21NH00123A
- ЭКБ идентификаторы
- 157324
- Редакция идентификаторы
- 157324_532405
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:55
0 «Rio Tinto Exploration Kazakhstan» (Рио Тинто Эксплорэйшн Казахстан)
жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне қауымдық сервитут
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес және 2020 жылғы 8 шілдедегі № 677-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға берілген лицензия негізінде Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Rio Tinto Exploration Kazakhstan» (Рио Тинто Эксплорэйшн Казахстан) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Қостанай облысы Денисов ауданының босалқы жерлерінде орналасқан жалпы алаңы 1323,168 гектар жер учаскелерінде пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2026 жылғы 8 шілдеге дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2 2. «Rio Tinto Exploration Kazakhstan» (Рио Тинто Эксплорэйшн Казахстан) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстар аяқталғаннан кейін бұзылған жерлерді рекультивациялауды жүргізсін.
3 3. «Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
7 Пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер көлемдері
Әкімдіктің
2021 жылғы 9 маусымдағы
№ 123 қаулысына
қосымша
Пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер көлемдері
№
Орналасқан орны
Алаңы, гектар
1
Свердлов ауылдық округі
32,4180
2
Красноармейск ауылдық округі
677,7039
3
Архангельск ауылдық округі
584,0018
4
Қырым ауылдық округі
29,0443