Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Rio Tinto Exploration Kazakhstan» (Рио Тинто Эксплорэйшн Казахстан)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Rio Tinto Exploration Kazakhstan» (Рио Тинто Эксплорэйшн Казахстан)
- Атауы (қаз.)
- «Rio Tinto Exploration Kazakhstan» (Рио Тинто Эксплорэйшн Казахстан) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 31.05.2021
- Көрсетілген редакция
- 31.05.2021 157333_532409.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21NHF0002B
- ЭКБ идентификаторы
- 157333
- Редакция идентификаторы
- 157333_532409
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:00
0 «Rio Tinto Exploration Kazakhstan»
(Рио Тинто Эксплорэйшн Казахстан) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 71-1-баптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, 2020 жылғы 8 шілдедегі № 677-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға берілген лицензия негізінде ШЕШТІМ:
1
1. «Rio Tinto Exploration Kazakhstan» (Рио Тинто Эксплорэйшн Казахстан) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2026 жылдың 8 шілдесіне дейін Қостанай облысы Денисов ауданы Красноармейск ауылдық округінің Кочержиновка ауылындағы алаңы 10,9285 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінде пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қауымдық сервитут белгіленсін.
2 2. «Rio Tinto Exploration Kazakhstan» (Рио Тинто Эксплорэйшн Казахстан) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстары аяқталғаннан кейін бұзылған жерлерді рекультивациялауды жүргізсін.
3 3. «Красноармейск ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;