Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Rio Tinto Exploration Kazakhstan» («Рио Тинто Эксплорэйшн Казахстан»)

Қаулы · № 331 · қабылданған 26.10.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/rio-tinto-exploration-kazakhstan/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Rio Tinto Exploration Kazakhstan» («Рио Тинто Эксплорэйшн Казахстан») Қолданыста Қаулы ·№ 331 ·26.10.2022
26.10.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Rio Tinto Exploration Kazakhstan» («Рио Тинто Эксплорэйшн Казахстан»)

Қолданыста Қаулы ·№ 331 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Rio Tinto Exploration Kazakhstan» («Рио Тинто Эксплорэйшн Казахстан»)
Атауы (қаз.)
«Rio Tinto Exploration Kazakhstan» («Рио Тинто Эксплорэйшн Казахстан») жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жариялық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
331
Қабылданған күні
26.10.2022
Көрсетілген редакция
26.10.2022 173331_599201.kaz
Соңғы өзгеріс
26.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22NR00331A
ЭКБ идентификаторы
173331
Редакция идентификаторы
173331_599201
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:17

0 «Rio Tinto Exploration Kazakhstan» («Рио Тинто Эксплорэйшн Казахстан») жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жариялық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабы 4-тармағының 7-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Rio Tinto Exploration Kazakhstan» («Рио Тинто Эксплорэйшн Казахстан») жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2026 жылғы 6 тамызға дейінгі мерзімге жер учаскесіне жариялық сервитут белгіленсін:

Бейімбет Майлин ауданының аумағында орналасқан, жалпы ауданы 4670,1707 гектар қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін оның:
Белинский ауылдық округі, жалпы ауданы 2963,472 гектар;
Новоильиновка ауылдық округі, жалпы ауданы 234,6628 гектар;
Қайындыкөл ауылы (елді мекен шегінен тыс) 1154,414 гектар;
Смайловка ауылы (елді мекен шегінен тыс) 317,6219 гектар.

2 2. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1

1) қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде осы қаулының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберу;

2

2) қол қойылған күнінен бастап осы қаулыны Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыру және ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберу.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бейімбет Майлин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы