Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «SG NS»

Қаулы · № 6792 · қабылданған 26.12.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/sg-ns/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «SG NS» Қолданыста Қаулы ·№ 6792 ·26.12.2024
26.12.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «SG NS»

Қолданыста Қаулы ·№ 6792 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «SG NS»
Атауы (қаз.)
«SG NS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қоғамдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
6792
Қабылданған күні
26.12.2024
Көрсетілген редакция
26.12.2024 206908_743028.kaz
Соңғы өзгеріс
26.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24E006792A
ЭКБ идентификаторы
206908
Редакция идентификаторы
206908_743028
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 07:08

0 «SG NS» жауапкершілігі

шектеулі серіктестігіне қоғамдық
сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, заңды тұлғаның өтініші негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «SG NS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне төменде көрсетілген:

1 1) Шымкент қаласы, Қ.Төлеметов көшесі, №64/1, №64/6 мекенжайында орналасқан жылыту құбыр жүйесін орнату мен пайдалану үшін жалпы алаңы 0,0549 га;

2 2) Шымкент қаласы, Қ.Төлеметов көшесі, №64/1, №64/6 мекенжайында орналасқан электр жүйесін орнату мен пайдалану үшін жалпы алаңы 0,2807 га;

3 3) Шымкент қаласы, Қ.Төлеметов көшесі, №64/1, №64/6 мекенжайында орналасқан жылыту құбыр жүйесін орнату мен пайдалану үшін жалпы алаңы 0,0721 га;

4 4) Шымкент қаласы, Қ.Төлеметов көшесі, №64/1, №64/6 мекенжайында орналасқан су жеткізу жүйесін орнату мен пайдалану үшін жалпы алаңы 0,2311 га;

5 5) Шымкент қаласы, Қ.Төлеметов көшесі, №64/1, №64/6 мекенжайында орналасқан кәріз жүйесін орнату мен пайдалану үшін жалпы алаңы 0,2370 га;

6 6) Шымкент қаласы, Қ.Төлеметов көшесі, №64/1, №64/6 мекенжайында орналасқан газ құбыры жүйесін орнату мен пайдалану үшін жалпы алаңы 0,6955 га жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2029 жылдың 17 желтоқсанына дейін қоғамдық сервитут белгіленсін.

2

2. «SG NS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2024-2025 жылдарға арналған сервитут құны 3777 (үш мың жеті жүз жетпіс жеті), 19284 (он тоғыз мың екі жүз сексен төрт), 4953 (төрт мың тоғыз жүз елу үш), 15900 (он бес мың тоғыз жүз), 16306 (он алты мың үш жүз алты) және 47850 (қырық жеті мың сегіз жүз елу) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.

3 3. «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ. Асыловқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы