Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «SilkNetCom»

Өзге акт · № 2-р · қабылданған 15.05.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/silknetcom-ekb-131571/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «SilkNetCom» Қолданыста Өзге акт ·№ 2-р ·15.05.2019
15.05.2019 редакциясы
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «SilkNetCom»

Қолданыста Өзге акт ·№ 2-р · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «SilkNetCom»
Атауы (қаз.)
«SilkNetCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2-р
Қабылданған күні
15.05.2019
Көрсетілген редакция
15.05.2019 131571_405636.kaz
Соңғы өзгеріс
15.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19NL008447
ЭКБ идентификаторы
131571
Редакция идентификаторы
131571_405636
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:57

0 «SilkNetCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабының 4-тармағына, 19-бабының 1-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Тоғызақ ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. «SilkNetCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылы аумағанда орналасқан, жалпы көлемі 0,6731 гектар жер учаскесінде талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану үшін қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы шешімді Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғанынан кейін орналастыруын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы