Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «SilkNetCom»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «SilkNetCom»
- Атауы (қаз.)
- «SilkNetCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1087
- Қабылданған күні
- 31.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 31.05.2019 132291_408799.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19NA008495
- ЭКБ идентификаторы
- 132291
- Редакция идентификаторы
- 132291_408799
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:41
0 «SilkNetCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «SilkNetCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Көлік Телекоммуникациялық Компаниясының Контейнері - Майкөл ауылы» объектісі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізумен пайдалану мақсатында Қостанай қаласында орналасқан жалпы алаңы 1,3 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;