Құжат мәтініне өту

О принятии доли участия в уставном капитале товарищества с ограниченной ответственностью «SK Water Solutions» из частной собственности в республиканскую собственность по договору дарения и внесении дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 862 · қабылданған 18.10.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/sk-water-solutions/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О принятии доли участия в уставном капитале товарищества с ограниченной ответственностью «SK Water Solutions» из частной собственности в республиканскую собственность по договору дарения и внесении дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 862 ·18.10.2024
18.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О принятии доли участия в уставном капитале товарищества с ограниченной ответственностью «SK Water Solutions» из частной собственности в республиканскую собственность по договору дарения и внесении дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 862 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О принятии доли участия в уставном капитале товарищества с ограниченной ответственностью «SK Water Solutions» из частной собственности в республиканскую собственность по договору дарения и внесении дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
«SK Water Solutions» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысу үлесін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
862
Қабылданған күні
18.10.2024
Көрсетілген редакция
18.10.2024 201837_724492.kaz
Соңғы өзгеріс
18.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400000862
ЭКБ идентификаторы
201837
Редакция идентификаторы
201837_724492
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:09

0 «SK Water Solutions» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысу үлесін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 13) тармақшасына, 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 169-бабының 1-тармағына, «Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Самұрық-Қазына Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС) және «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ) «SK Water Solutions» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – «SK Water Solutions» ЖШС) жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС (келісу бойынша) және «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ (келісу бойынша) бірге осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;

2 2) «SK Water Solutions» ЖШС мемлекеттік акциялар пакетіне иелік ету және оларды пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-217-жолмен толықтырылсын:
«21-217. «SK Water Solutions» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 408-4-жолмен толықтырылсын:
«408-4. «SK Water Solutions» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».

3 3. «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) «SK Water Solutions» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».
_________________

Қолданыстағы