СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

135-бап. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

субъектілердің құқықтары мен міндеттері
1. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсететін субъектілер:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған конкурстарға, стратегиялық әріптестікті іске асыруға Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік тапсырысқа, гранттарға және сыйлықақыларға қатысуға; Ескерту. Осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағына сәйкес 1) тармақшасы осы редакциясы 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі.
2) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген және кепілдік берілгеннен тыс көлемін көрсетуге;
3) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің көлемі мен түрлеріне бағалау жүргізу және оны айқындау үшін қажетті ақпаратты жергілікті атқарушы органдардан сұратуға және алуға құқылы.
2. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсететін субъектілер:
1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсету стандарттарын сақтауға;
2) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсету үшін қажетті жағдайлар жасауға;
3) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушылардың және олардың отбасы мүшелерінің қадір-қасиетін құрметтеуге;
4) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушыларға және олардың отбасы мүшелеріне қатысты адамгершілікпен қарауға және кемсітушілік әрекеттерге жол бермеуге;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсету кезінде құпиялылықты қамтамасыз етуге;
6) әлеуметтік жұмыскерлерді даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге міндетті.
3. Әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді көрсететін ұйымдар қызметінің тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-135/