СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

136-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

ұйымдардың тіркелімі мен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімі
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдардың тіркелімі – әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілер ретінде тіркелген ұйымдардың электрондық тізбесі. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімі – әлеуметтік қызметтер порталында тіркелген және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың электрондық тізімі.
2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркелімі мен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен ұйымдар мен мамандарды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында электрондық нысанда есепке алу үшін қалыптастырылады.
3. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркелімінде және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімінде қамтылған мәліметтер арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар мен мамандардың келісімімен жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады. Ескерту. Осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағына сәйкес 136-бап осы редакциясы 01.01.2025 дейін қолданылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-136/