СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

141-бап. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

1. Адам саудасына және баспанасыздыққа байланысты әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау салдарынан арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдарды қоспағанда, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімі негізінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдарға (отбасыларға) мынадай:
1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жеке бағдарламаға сәйкес осы Кодекстің 133-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында;
2) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қараудың болуын бағалау өлшемшарттарына сәйкес осы Кодекстің 133-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында;
3) өтініш негізінде осы Кодекстің 133-бабы 1-тармағының 10), 11) және 12) тармақшаларында;
4) жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша осы Кодекстің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша бюджет қаражаты есебінен ұсынылады.
2. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушының қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адам (отбасы) мен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілер жасасатын шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Кодекстің 133-бабы 1-тармағының 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдар (отбасылар) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар тіркеліміне енгізілген ұйымдардың ішінен субъектілерді таңдау әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады.
4. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынудан бас тартуға мыналар:
1) осы Кодекстің 133-бабында көрсетілген негіздерге сәйкес келмеуі;
2) ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың анық болмауы;
3) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынуға медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы негіз болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-141/