Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
142-бап. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер
СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII
ұсынатын субъектілерді қаржыландыру
1. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсететін субъектілерді қаржыландыру:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты;
2) кепілдік берілген көлемнен тыс арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынудан алынған қаражат;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын субъектілерді қаржыландыру уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге тарифтер белгілеу қағидалары мен әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну тарифтерін жергілікті атқарушы органдар бекітеді.
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
Ескерту. Осы Кодекстің 263-бабы 3-тармағына сәйкес 2 тармақ 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-142/