СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

143-бап. Ұлттық алдын алу тетігі

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

1. Ұлттық алдын алу тетігі ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың қызметі арқылы жұмыс істейтін, азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарым-қатынастар мен жазалау түрлерінің алдын алу жүйесі түрінде қолданылады.
2. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар өз қызметі шеңберінде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерге және осы қатысушылардың баруы (бұдан әрі – алдын ала бару) үшін Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын өзге де ұйымдарға барады.
3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, сондай-ақ Үйлестіру кеңесі іріктейтін қоғамдық байқау комиссияларының және азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, заңгерлер, әлеуметтік жұмыскерлер, дәрігерлер ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар болып табылады.
4. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың қызметін үйлестіреді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың қажетті әлеуеті мен кәсіптік білімін қамтамасыз ету үшін шаралар қолданады.
5. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың алдын ала бару жөніндегі шығыстарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-143/