СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

172-бап. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақыларды, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындауға өтінішті қабылдаудан және тағайындаудан бас тарту

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

1. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тартуға:
1) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақыларды, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау, жүзеге асыру, оларды тағайындау үшін проактивті көрсетілетін қызмет арқылы өтініш беру немесе келісу фактілерін растайтын мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен алу;
2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақыларды, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау күніне қолданылу мерзімі өтетін құжаттарды ұсынуы;
3) жеке басты куәландыратын құжат бойынша мәліметтердің (мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен расталатын, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыстырудан басқа) оларды тағайындау үшін қажетті құжаттарға сәйкес келмеуі;
4) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау құқығының болмауы;
5) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге өтініш беруші келісімінің болмауы негіз болып табылады.
2. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақыларды, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тартуға:
1) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
2) өтініш берушінің және (немесе) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақыларды, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) тексеру кезінде Қор сұратқан еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті құжаттың және (немесе) мәліметтердің ұсынылмауы;
4) еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің есептелген мөлшерінің теріс мәні негіз болып табылады.
3. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы тағайындаудан бас тартуға:
1) күтім жасайтын адамның кәмелетке толмауы;
2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша күтім жасайтын адамның әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылуы;
3) күтім жасайтын адамды психикалық саулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда есепке қою;
4) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде болуын қоспағанда, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның мемлекеттің толық қамтамасыз етуінде болуы;
5) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның және оған күтім жасайтын адамның әртүрлі елді мекендерде тұруы негіз болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-172/