Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
202-бап. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін
СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII
және жасына байланысты зейнетақы
төлемдерін жүзеге асыру тәртібі
1. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және жасына байланысты зейнетақы төлемдері ағымдағы айға жүргізіледі.
2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және жасына байланысты зейнетақы төлемдері өмір бойына тағайындалады және қайтыс болған немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен айды қоса алғанда жүзеге асырылады.
ҚР Конституциялық Сотының 18.05.2026 № 79-НП нормативтік қаулысымен Осы кодекстің 202-бабының 2-тармағына мынадай түсіндірмеде ҚР Конституциясына сәйкес келеді деп танылсын: егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, зейнетақы төлемдерін алушының елдің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кету фактісі мұндай төлемдерді тағайындау кезінде (осы нормативтік қаулының қарар бөлігінің 1-тармағында берілген түсіндірмені ескере отырып) аталған талап қойылатын адамдарға қатысты ғана заңдық мәнге ие және зейнетақы төлемдерінің тоқтатылуына әкеп соғады.
3. Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тұратын және мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі адамдарға жасына байланысты зейнетақы төлемдері:
1) егер жасына байланысты зейнетақы төлемінің осы нормаға сәйкес есептелген мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аз болса, осы Кодекстің 210-бабының 6-тармағында көзделген көлемде;
2) осы Кодекстің 210-бабына сәйкес есептелген жасына байланысты зейнетақы төлемдері мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес көлемде жүргізіледі.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің тағайындалған мөлшерінің 70 пайызын жеке банктік шотқа немесе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының қолма-қол ақшаны бақылау шотына аудару жүргізіледі.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының көрсетілген қаражатты пайдалану тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
Ескерту. Осы Кодекстің 263-бабы 6-тармағына сәйкес 3-тармақтың осы редакциясы 01.01.2028 дейін қолданылады.
4. Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға құқығы жоқ адамдарды қоспағанда, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі алушы стационар жағдайындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында тұрған кезеңіне тоқтатыла тұрады.
5. Алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан шыққан жағдайда мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және жасына байланысты зейнетақы төлемі шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап толық көлемде қайта басталады.
6. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және жасына байланысты зейнетақы төлемдері нотариат куәландырған сенімхат бойынша тағайындалуы және төленуі мүмкін.
7. Тағайындалған, бірақ алушы талап етпеген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің сомалары өткен уақыт үшін, бірақ оларды алу үшін жүгінген күнге дейінгі үш жылдан аспайтын уақыт үшін төленеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-202/