СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

201-бап. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

байланысты зейнетақы төлемдерін алушының құқықтары мен міндеттері
1. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушының:
1) осы Кодексте көзделген тәртіппен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға;
2) Мемлекеттік корпорациядан мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау және алу тәртібі туралы ақпаратты сұратуға және тегін алуға;
3) осы тарауда көрсетілген мемлекеттік органдардың немесе ұйымдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жоғарғы тұрған органға, сотқа шағым жасауға құқығы бар.
2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін толық және анық мәліметтер ұсынуға;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің артық есептелген (төленген) сомаларын – ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда заңды күшіне енген сот шешімі негізінде сот тәртібімен қайтаруды жүргізуге міндетті.
3. Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органның кінәсінан уақтылы алынбаған не толық алынбаған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің сомалары өткен уақыт үшін оларға құқық туындаған күннен бастап мерзімі шектелмей төленеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-201/