СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

21-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

өңірлік комиссия
1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында жергілікті атқарушы орган халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияны (бұдан әрі – өңірлік комиссия) құрады.
2. Өңірлік комиссия облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, астана, облыс, республикалық маңызы бар қала деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың өңірлік кәсіпкерлер палаталарының, өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың өкілдерінен жасақталады.
3. Өңірлік комиссия облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында орналасқан мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың халықты жұмыспен қамту бөлігінде облыстың даму жоспарын, өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек картасын іске асыру мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.
4. Өңірлік комиссияның қызметі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын тиімді түрде іске асыруды қамтамасыз етуге және оларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға бағытталған.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-21/