СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

221-бап. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

зейнетақы төлемдерін алу құқығы
1. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:
1) осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында көрсетілген;
2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
2-1) осы Кодекстің 195-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген жағдайлар басталған кезде;
3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының тыс жерге тұрақты тұруға кеткен шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға;
4) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жиынтығында кемінде күнтізбелік алпыс ай төленген адамдарға, қырық жасқа толған кезде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу арқылы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан кем емес сақтандыру төлемін қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде төленеді.
2. Егер осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарының сомасы бір рет төленеді.
3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-221/