СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

222-бап. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығы
1. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары жиынтығында кемінде күнтізбелік алпыс ай аударылған адамдарға:
1) осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде;
2) егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға беріледі.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін пайдаланылатын параметрлерді жыл сайын белгілейді.
3. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемінің ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
4. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері өмір бойына тағайындалады, ағымдағы ай үшін төленеді және қайтыс болған немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шыққан айды қоса алғанда жүзеге асырылады.
5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және оларды жүзеге асыру қағидаларын уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-222/