Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
225-бап. Зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша
СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII
сақтандыру ұйымдарынан төленетін
сақтандыру төлемдері
1. Осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында, 220-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында және 221-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдар міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерін өмір бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға құқылы.
Міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары пайдаланылуы мүмкін.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда осы Кодекстің 221-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдардың зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануға құқығы бар.
2. Сақтандыру ұйымынан төленетін айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасасу күні қолданылатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан (екі адам зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,4 еселенген мөлшері) төмен болмауға тиіс.
Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандырылушылардың біреуі қайтыс болған жағдайда екінші сақтандырылушы үшін сақтандыру ұйымынан төленетін айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасасу күні қолданылатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен болмауға тиіс.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-225/