СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

224-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

зейнетақы төлемдерін ұйымдастыру
1. Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдері:
1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан осы Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында, 221-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде;
2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен осы Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 221-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдарға зейнетақы жинақтары есебінен зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес сақтандыру ұйымынан сақтандыру төлемдері түрінде жүзеге асырылады.
2. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарынан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалады. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерінің мөлшері мен кезеңділігі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес белгіленеді.
3. Осы Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 1) – 3) тармақшаларында, 1-1 және 4-тармақтарында және 221-бабы 1-тармағының 1) – 3) тармақшаларында, 3-тармағында көрсетілген адамдарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарын төлеу «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүзеге асырылатын жеке табыс салығы түріндегі ұстап қалулар ескеріле отырып, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған, алушыда бар зейнетақы жинақтары шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Осы Кодекстің 220-бабының 3-тармағында аталған адамдарға міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемінің мөлшері: осы Кодекстің 220-бабы 3-тармағының екінші абзацында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы жинақтарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырма сомасынан аспауға тиіс; осы Кодекстің 220-бабы 3-тармағының үшінші абзацында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс; осы Кодекстің 220-бабы 3-тармағының төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспауға тиіс. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері үшін уәкілетті оператор ашқан арнаулы шоттарға аударады.
5. Уәкілетті оператор міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы жинақтарының сомаларын аударуға, есепке жатқызуға және төлеуге байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді, оларды айырбастау, біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жатқызуға және (немесе) кейіннен аударуға байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу сомаларын қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырады. Уәкілетті оператордың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу, оның ішінде осы Кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген адамдарға міндетті зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдерімен байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу көрсетілген адамдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-224/